№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімі ауылдарды аралап, тұрғындарды жеке қабылдады

Аудан әкімі ауылдарды аралап, тұрғындарды жеке қабылдады


Ауыл – қашан да қазақтың алтын бесігі, ұлттың тозбас темірқазығы. Ал ауыл ахуалының жақсаруы тұрғындар үшін де жақсылықтың нышаны болмақ. Ауылдың әрбір мәселесі шешімін тауып, мұндағы елдің еңсесі көтеріңкі болса, болашақ та баянды. Ежелгі мекеннің мұңы тарқаса, бұл да егемендіктің ерен көрінісінің бірі.

Кеше аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов ауданымыздың сыр беткейіндегі Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған және Қожакент елді мекендерінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімімен бірге кездесу жиынына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудандық мәслихат хатшысы Галымжан Сопбеков, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында аудан басшысы ағымдағы жылдың мамыр айында елді мекендерді аралау барысында ауыл тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс - пікірлердің бүгінгі таңда орындалуы және жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады.

Алғашқы кездесу Көктөбе елді мекенінен басталды. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы мамыр айындағы кездесуде негізгі көтерілген 3 - 4 мәселе барлық елді мекендерде өте күрделі екендігін атап өтті.

Атап айтар болсақ, электр желілерінің ескіргендігі, ауыз су және аяқ сумен қамтылу деңгейінің төмендігі және елді мекендерді газға қосу.
Бірінші мәселе барлық елді мекенге ортақ ең үлкен мәселе электр қуатымен қамту. Биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 898,9 млн теңге бөлініп, аудан орталығындағы электр желілерін жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның құны 3,4 млрд теңге. Сондай-ақ 9 елді мекеннің (Қандөз, Келінтөбе, Қожакент, М.Нәлібаев, Қыркеңсе, Манап, Құттықожа, Сунақата, Аққорған) электр желісін жаңғыртуға демеушілер есебінен жоба дайындалып, сараптамадан өткізіліп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсындық.

Аталған жобалар толық іске асқан уақытта қалған елді мекендердің электр желілерін аудан орталығынан ауыстырылатын, жарамды трансформатор, темір - бетон бағандар мен электр желілерін пайдалана отырып, 2 жыл көлемінде шешеміз деген жоспарымыз бар.
Екінші мәселе ауыз сумен қамту. "Талап - Сырдария" топтық су құбырымен ауыз су алатын елді мекендер қазір белгілі бір уақыт аралығында ғана су алады. Себебі Талап бас су кешеніндегі жобаға сәйкес қазылған 8 ұңғыма сағатына 65 текше метр дебиттің орнына небәрі 35 - 40 текше метр су беруде. Яғни, дебиттің жеткіліксіздігінен 27 елді мекенге үздіксіз толыққанды ауыз су жеткізе алмай отыр. Осыған байланысты Су ресурстары комитетінің тапсырысымен қосымша 5 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарына 584,3 млн теңгенің жобасы жасалды, келер жылы бұл жұмыс іске асады деп жоспарлап отырмыз.

Өткен кездесуде Келінтөбе ауылында ауыз су жүйесімен қамтылмаған үйлер барын және резервуардың қуаты төмен екендігі айтылған болатын. Біз бірден ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлдік. Келер жылы сараптаманың оң қорытындысын алып, қаржыландыруға ұсынатын боламыз.

Алдағы екі жылда осы топтық су құбырлары бойындағы мәселе шешіледі. Осы жобалардың барлығы толық іске асқанда ауданда орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған тұрғындардың үлесі 100 пайызға жеткізіледі.

Үшінші мәселе аяқ су мәселесі.
Көктөбе ауылдық округі тұсынан «Су тоспасын» салу мәселесі өте өзекті. Мұны облыс әкімі де жақсы біледі, Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысына жеткізілген. Бұл жоба су тапшылығына байланысты облыс бойынша республикалық деңгейде атқарылған шаралар барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің іс-шаралар Жоспарына енгізілген.
Үкімет тарапынан оң шешімін табады деп күтіп отырмыз.

Бірақ, бұл ұзақ уақыт пен мол қаржыны талап ететіндіктен облыс әкімдігі шұғыл шаралар қабылдауда. Қазіргі таңда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Келінтөбе магистарльді каналының сағасынан жоғары, ұзындығы 6,2 шақырым болатын канал қазып, Келінтөбе каналына қосуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеп жатыр. Сонда Келінтөбе каналының сағасы қазіргі сағадан 4-5 шақырым жоғары болып, дариядағы су деңгейі төмен болса да каналға келетін су мөлшері азаймайтын болады. Осы жобадан да көп үміт күтіп отырмыз.
Төртінші мәселе елді мекендерді газдандыру.

Бүгінде аудан орталығы ғана табиғи газға қосылған болатын. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Бірлік, Қыраш елді мекендерін газдандыру басталды. Жыл соңында екі ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін болады.

Сонымен қатар, Шалқия және Құттықожа, Төменарық елді мекендерін газдандыру жұмысын бастау үшін аудандық бюджеттен әр жобаға 100,0 мың теңгеден қаржы бөліп, мемлекеттік сатып алу шараларын жүргізіп жатырмыз. Мердігерді анықтап, шарт жасап қойсақ облыстық бюджеттен қаржы бөлінген сәтте құрылысы басталады. Кейден, Жайылма елді мекендерін газдандыру жобаларын республикалық салалық министрліктерге өткізіп қойдық. Жобаның жалпы құны 3 млрд 918 млн теңге.

Қандөз және Келінтөбе ауыл тұрғындары дәрігер маманның жетіспейтіндігін сөзге тиек етті. Бұл жөнінде аудандық емхананың бас дәрігері Сәкен Үсейнов осы жылдың қыркүйек айында бірнеше ауылдық округтерге дәрігерлер қоныс аударатындығын айтып өтті. Оның ішінде осы Келінтөбе мен Қандөз ауылы да бар.

Әрбір кездесу соңында тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдау мақсатында жеке қабылдау өтті.

Бүгін 23 тамыз күні аудан әкімі Өзгент, М.Нәлібаев, Жаңарық, Әбдіғаппар, Байкенже, Кейден елді мекенінің тұрғындарымен кездеседі.



23 тамыз 2022 ж. 360 0