№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚОЛДАУ

ЖАСТАРҒА ҚОМАҚТЫ ҚОЛДАУ

  2018 жылдағы жетістіктің бірі – «Жас проджект» жобасын тиімді жүзеге асырып, кәсіпкерлікке ниетті, бірақ, қаржы көзін таппай жүрген жастар қолдау тапты. Аудан әкімі Ғалым Әміреев шалғайдағы ауылдық округке барып, жастармен жүздесті.

  Онда Алматы қаласынан арнайы ІТ университетттің білікті мамандары шақырылып, тың идеялар талқыланды. Сарапталды. Содан кейін көзінде жалыны, бойында жігері бар жаңақорғандық жастар бағдарламаға белсенді қатысып, 160 жоба ұсынды. Нәтижесінде 69 жоба қаржылай қолдау тауып, жеңімпаз атанды. Қайтарымсыз 69 млн. теңге, оған қоса, жобаға қатысушы 247 жас 6 ай бойы 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы алды. Бұл дегеніміз – аудан жастарына 149 млн. теңге инвестиция құйылды деген сөз. Бұл – Қызылорда облысындағы үздік көрсеткіш. Бұл жөнінде талай жазылды, айтылды. Қаржы саласында талай жылғы тәжірибемде аудан жастарына осыншалықты деңгейде инвестиция тартылғанын көрмеппін. Шыны керек, жастар корпусын дамытуға бағытталған жобаның келешегі кемел. Себебі, биыл «Жас проджект» жобасының жеңімпаздары биыл қаржылай қолдау тауып, кәсібін дамытуға мүмкіндік жасалуда.
Қорыта айтқанда, Жаңақорған ауданы әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа сатысына көтеріліп, еліміздің озық отыз елдің қатарына қосылуда лайықты үлес қосып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай игілікті істе біздің азаматтардың біліктілігі де, белсенділігі де жетеді. Оған қоса, табиғи ресурстың сан алуандылығы мен кәсіпкерлік саласының серпіні артықшылық деуге болады.

Ә.Темірбек.

15 мамыр 2019 ж. 921 0