№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға 50 грант бөлінеді

Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға 50 грант бөлінеді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының онлайн презентациясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Жоспарға сәйкес ауылдық бастамалар саласындағы заманауи жобалар өмір сүру сапасын арттыруға және жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталмақ.
Жобаны іске асыру барысында ауылдық жерлердегі бастамашыл топтардың қаржылық және заңдық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді деп күтілуде.
«Биыл біздің жоба аясында ауылдық жерлердегі бастамаларды дамытуға 50 шағын грант бөлінеді. Әрбір гранттың мөлшері - 500 мың теңге. Алайда қазіргі уақытта ауыл көшбасшыларының өз бастамаларын іске асыруына мүмкіндік беретін дағдылары, құзыреті деңгейінің төмендігіне қатысты бірқатар мәселе бар. Сондай-ақ, олардың жобаны әлеуметтік жобалауда, бюджеттік өтінім жасауда, жобаны сапалы іске асыруда тәжірибесі жоқ. Сондықтан жобаның басынан бастап біз әлеуетті грант алушылар үшін оқыту семинарларын, кеңес беру іс-шараларын ұйымдастырамыз. Шағын гранттарды іске асыру барысында, сондай – ақ, конкурсты жариялау кезінде ауылдық жерлерде 200-ден астам тұрғынға, ҮЕҰ өкілдеріне кеңес береміз деп болжап отырмыз», деп атап өтті «Жастар СӨС үшін» ЖҚБ төрағасы Лидия Грабарь.
Ол сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру барысында мониторингтік іс-шаралардың жүргізілетінін атап өтті.
Жоба аясында ауылдарда кемінде 20 тұрақты жұмыс орны ұйымдастырылады деп жоспарланған.
«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.
25 сәуір 2022 ж. 452 0