Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Саяси маңызы зор қадам

Саяси маңызы зор қадам

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Үндеу жариялап, азаматтарды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Елімізде Конституцияға өзгеріс ендірудің тұңғыш рет жарияланып отырған  тарихи қадам екенін жеткізген Президент алдағы уақытта халықтың тағдыршешті таңдауында әр азаматтың дауысы маңызды екенін еске салды. Бұл мемлекетімізді демократиялық жолмен алға бастыруға зор мүмкіндік. Конституцияның 30-дан аса бабына енетін өзгерістер  Президент пәрменділігін күшейтуге емес, қарапайым халықтың құқы мен правосын нығайтып, жалпыға ортақ қалыпты өмірімізді қамтамасыз етуге негіз қалайды. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің алғышарттарын бекемдейтініне көп назарын бұрды.
Қазақстан – осында туып, өмір сүріп, болашағын онымен байланыстырған барша халықтың ортақ Отаны. Онда еркін өмір сүріп, адами құндылықтардың құрметтелуі, заңның салтанат құруы осы өзгерістермен тікелей байланысты. Сондықтан елдік шараға шынайы атсалысып, өзгерістердің сапалы іске асуына жанкүйерлік таныту әрбір саналы азаматты бей-жай қалдырмаса керек. Бұл күн құны жоқ мереке, мерей, Тәуелсіздік таңының  мәртебелі шыңы деп бағалағанымыз жөн.

Баян Үсейінова,
журналист
03 маусым 2022 ж. 1 104 0