№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Референдум – жариялыққа бастайтын жарқын жол

Референдум – жариялыққа бастайтын жарқын жол


Бүгінге дейін егемен еліміздің тарихында екі рет референдум жарияланған. Енді міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 5 маусым күні үшінші рет жалпыхалықтық референдум өткізілгелі отыр. Ел өміріне түбегейлі өзгеріс әкелетін осынау тағдыршешті міндетке әрбір қоғам мүшесі бейжай қарамауы керек. Конституцияның жаңаруы елдің саяси сипатын түбегейлі жаңартады. Ата Заңға енетін жаңашылдықтың нәтижесінде халық пен биліктің арасы жақындай түсуі керек.


Осы жаңашылдықтың алғашқы лебі Референдумды насихаттау барысында-ақ байқала бастады. Аудан көлемінде Референдум бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары елдің саяси көзқарасын бекемдеумен қатар ертеңге деген сенімін үкілей түскеніне куә болып отырмыз. Солардың қатарында Сунақата ауылында өткен «ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар» бойынша жұртшылықпен бас қосып, насихат жұмыстарын жүргізген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры М.Әйтімов және «Атамекен» ҰҚП облыстық филиалының төрағасы П.Сыздықов, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Сыздықовтар жергілікті жердегі халықпен кездесіп, кең түсіндірме, насихат жұмыстарын жүргізді. Облыстық штаб мүшелері одан әрі аудандық емхана ұжымымен кездесіп, Конституцияға өзгеріс енгізілетін баптарының мазмұнын жеткізді. Ал «Ордакент» жастар ресурстық орталығында өткен аудан тұрғындарымен кездесуде аудандық қоғамдық штаб мүшесі Серқожа Ыдырысов елімізде болып жатқан маңызы зор шараға әлеуметтің сергек көзқарас танытып, өз үнін қосуға шақырды. Сәрсенбі күні ауданымызға келген облыстық қоғамдық штаб мүшелері қатарында Садық Мұстафаев, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылхан Жаманқұл аудандық мәдениет үйінде елдегі зиялы қауым өкілдерімен, ҮЕҰ мүшелері, мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті. Спикерлер сөздерінің басты мазмұныныа тоқталсақ, Ата Заңға енген жаңа өзгерістер биліктің әділетті тармақтарын (Парламент, мәслихат) күшейтеді. Сол арқылы көпшілік халықтың мемлекетті басқару ісіне кеңірек қатысуына мүмкіндік береді. Елдегі саяси ұйымдардың тең дәрежеде бәсекеге түсуіне жол ашады. Бұл сайып келгенде, жекелеген күштерді емес, мемлекетімізді нығайта түсуге жол ашады.
Жалпы, осы түзетулер мен толықтыруларды үш бағытқа бөлуге болады. Біріншісі, билік арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыруға, екіншіден, халықтың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын кеңейтуге, үшіншіден, адамның және азаматтық құқықтарын қорғауды, сақтауды күшейтуге бағытталған.
«Бұған дейін барлық барлық депутат пен тағайындалатын тұлғалар тек саяси партиялар арқылы сайланып келді. Ол кездегі жүйе пропорционалдық деп аталды. Ал бүгінгі таңда аралас жүйе әзірленді. Ол мажоритарлық деп аталады. Яғни мұнда қандай да болсын елінің дамуына үлес қоса алатын азамат «мен боламын» деп өзінің арнайы жобасы арқылы сайлана алады. Алдағы уақытта саяси партиялар саны артуы олардың арасындағы бәсекелестікті арттырады. Әсіресе 98 баптағы өзгерістерде адам құқы мәселесіне назар аударылып отырғанына айрықша тоқталды.
Ең ауқымды өзгеріс – жер туралы норма. Жердің және табиғи ресурстардың иесі – халық. Енді жер мәселесі тұрғысында қандай да бір дау туындай қалса мемлекет өзі шешім шығармайды. Халықтың өтініш-талабы ескеріледі.
Мемлекет басшысы ұсынған жаңа конституциялық модель нақты саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның кінәратсыз құрылымын бекітіп, заң тетігін мінсіз тиянақтауға әрбір тұлға мүдделі болуға тиіс. Халық бәрін біледі, кімнің әділ, парасатты бастамаларға көшбасшы бола алатынына нақты бағасын да бере алады. Сондықтан әр азаматты республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
21 мамыр 2022 ж. 504 0