№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Астанада алаяқ тұрғындарға банктен миллиондап несие алғызған

Астанада алаяқ тұрғындарға банктен миллиондап несие алғызған


Елімізде 100-ге жуық азамат алаяқтың құрбаны болып, отандық банктерге 5 миллион доллар қарыз болып қалған. Астанада әр өңірден келген жиырма шақты адам бұқаралық ақпарат құралдарынан көмек сұрауда.

Олардың пайымынша, алдаған адам мен банк өзара келісіп алған. Берешегі миллиондаған теңгеге дейін жеткендер енді журналистерге үміт артып отыр, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Жиналғандардың жанайқайы бір. Бәрінің банк алдында берешегі бар. Осыдан 4 жыл бұрын бейтаныс келіншек 100-ге жуық адамға несие алғызып, 10 пайызын ғана құжат иесіне қайтырып берген. Ал қалған соманы «өзім өтеп отырамын» деп барлығын иландырған. Кезінде тегін ақшаға қарық болғандар мойнына қарыз ілінгенін кейін білген.
«Қарым-қатынасы болып тұр ғой. Өйткені жалғыз 100 мың теңге жалақымен кім банктен ала алады? Екінші банк саған бермейді. Қазір кез келген банкке барып көріңіз, бермейді. Ал сол кезде мен 10 банкке бардым, бір ғана банк бас тартты, тоғызығы мақұлданды. Құптады. Кредит алдым. Бір адам қалай алады? Сол кезде қарасаңыз, 500-600 мың теңге салып жүру керек екенмін. 100 мың теңге жалақыммен», – деді борышкер Алмасбек Мұрат.
«Соттың үстінде кәдімгідей балалары жылап тұрып келді. Менің әке-туыстарымыз қайтты деп. Екі адам осы іс бойынша банктерден звондап, анау дүние-мүлкіңді, бала-шағаңнан барлығын тартып аламыз дегендіктен, арестке қоямыз дегеніктен, жүрегі ұстап өлген екі адам бар. Қазір өлудің алдында аз-ақ қалған қанша адам бар», – деді борышкер Назым Хилдолда.
Оншақты банкке қарыз болғандар ресми жұмысынан айырылған, төлем карточкалары бұғатталған. Кейбіреуінің балаға беретін мемлекеттік көмегін несиені қайтармағаны үшін тікелей қаржы ұйымы тартып алған. Осы былықты жасаған алаяқ сот шешімімен 5 жылға сотталып, рақымшылыққа ілінгендіктен, тек 3 жылын өтеп шыққан көрінеді. Бірақ ешкімге ешқандай шығын өтелмеген. Ал алдаған әйелдің өзі қазір бостандықта жүр, дейді жиналғандар.
«Алаяқтық» фактісі бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Барлық заңмен қаралатын шаралар қолданылып жатыр. Осы істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде процессуалдық шешім қабылдау үшін», – деді Астана қаласы ІІД ресми өкілі Софья Қылышбкова.
Аяқ асты ат басындай алтын кездеспесе, ақша тауып қарыз қайтаруға шамамыз келмейді дейді кейбірі. Сондықтан құзыры бар деген мекеменің барлығына бас сұққан. Ендігі үмітін тілшілерге теліген ағайын тиісті органдарға зар-мұңымыз жетсе дейді.

02 мамыр 2018 ж. 849 0