№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отанды қорғау – азаматтық борышың

Отанды қорғау – азаматтық борышың


Халқымыздың тыныштығын, мемлекеттің тұрақтылығын, ел іргесінің беріктігін күзету әр азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан, осы абыройлы қызметті атқару үшін әскер қатарына шақырылатын жастарды іріктеу қатаң тәртіппен жүргізіледі. Жігіттер жіті медициналық тексеріс пен моральдық дайындықтан өткен соң ғана әскер қатарына алынады. Міне, осы сынақтан сүрінбей өткен болашақ сарбаздарға сәттілік тілегендер қатарында біз де болған едік.


Бұл жолы Жаңақорған ауданынан 6 бозбала әскери өмірге бет алды. Олар Қапшағай қаласындағы 33/323 десанттық-шабуылдау әскери бөлі­мінде темірдей тәртіп пен қорғаныс тәсілдерін меңгеріп, қызмет ететін болады.
Тепсе темір үзетін жігіттерді қадағалап, оларға нұсқаулық жүр­гізіп жүрген аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Нұрбол Есеналиев жігіт­тердің физикалық және моральдық тұрғыдан сақадай сай екенін жеткізді:
– Қарулы күштер сапында қызмет ету әрбір ер азаматтың борышы. Ал, оны абыройлы атқару үлкен жауапкершілік. Осыны жете сезініп, асқақ рухпен жігерленген жігіттер Отан алдындағы парызын адал атқаратынына сенемін, – деді ол.
Осы күні әскер қатарына алын­ғандардың бірі бір отбасының тұң­ғышы болса, енді бірі кенжесі. Соған қарамастан балалығын артқа қалдырып, үлкен өмірге қадам бас­қалы тұрғанын сезінген олар ата-ана, туған-туыспен бір жылға қош айтысты. Жалынды жастардың көзі­нен өкініш пен қорқынышты әсте байқа­мадық.
Керісінше, бойларын мақтаныш сезімі кернеп тұрғандай. Жас сарбаз Асан Мұхамеддинді қол­дап, отбасы мүшелері түгел келіпті. Анасы баласы үшін уайымдап тұрға­нын қанша айтқысы келмегенімен, қобалжу сезімі барын жасыра алмады. Бастысы, перзентінің әскер қатарына алынғанына қуанып, сындарлы кезеңді аман-есен өткеріп келуін тіледі. Ал ұлы Асан Нуридинұлы: «Барлық медициналық талаптардан өттім, фи­зикалық дайындығым да жаман емес. Отан алдындағы борышымды өтеуге баратыныма қуаныштымын. Мұны ер жігіттің алдындағы зор міндеті деп білемін» деп ағынан жарылды.
Жастар Ресурстық Орталығының ұйытқы болуымен салтанатты шараны аумақтық қорғаныс бөлімінің маманы, Бердібеков Нұрдаулет Кенжебайұлы ашып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілхайыр Сыздықов сарбаз атану әрбір жігіттің басты арманына айналуы тиіс екенін атап өтті.
– Әскер елдің басына күн туа қалған жағдайда жүгінер ең маңызды күш. Бүгінгі таңда бейбітшіліктің туы желбіреген мемлекеттердің де әскери күші жағынан бес қаруы сай, төрт құбыласы түгел. Әйткенмен, әскер соғысты күтпейді, тыныштықты күзетіп, елдің есендігін тілейді. Ел қорғаны болар жаужүрек батырлар әскер қатарына қосылуы тиіс. Өйткені, Отанды қорғау қасиетті борыш. Осы орайда жастарға патриотизмнің құндылығын, адамгершіліктің биіктігін, туған жерді сүюдің киелілігін мейлінше көбірек айту біздің міндет», – деді.
Біз де өз кезегімізде таудың тасындай қатар тізілген болашақ сарбаздар үйлеріне аман-есен оралсын деген тілектестігімізді білдіреміз.

Лаура БИБАСАРОВА
17 мамыр 2022 ж. 544 0