№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ВАЖТ отырысында «экологиялық анықтама» мәселесі талқыланды

ВАЖТ отырысында «экологиялық анықтама» мәселесі талқыланды

Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) көшпелі отырысы Халыққа арналған цифрлық кеңседе өтті. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ВАЖТ отырысына 3 мәселе шығарылды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселемен азаматтардың сұратуы бойынша қала, аудан әкімдіктерінің «экологиялық анықтама» ұсыну мәселелері талқыланды.


«Экологиялық анықтама»аймақ тұрғындары арасында сұранысқа ие құжаттардың бірі. Мәселен, облыс бойынша азаматтарға 2020 жылы – 5040, 2021 жылы – 6747 анықтама берілген.
«Экологиялық анықтама» беру тәртібін реттеу мәселесіне қатысты қала, ауданәкімі аппараттары басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. ВАЖТ мүшелерімен «экологиялық анықтама» беру қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу немесе оны мүлдем қолданыстан алып тастау, сондай-ақ қолданыстағы ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру мәселелерін зерделеу үшін жұмыс тобын құрып, қорытындысымен ұсыныстар әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.
Келесі кезекте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Мамандандырылған бөлімінің жай-күйі туралы филиал басшысы Айнұр Тобаева есеп берді. Филиал басшысы баяндамасында Мамандандырылған бөлімдегі проблемалық мәселелерге тоқталып өтті.
«Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ВАЖТ мүшесі Сағатбек Сиюов Мамандандырылған бөлімде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайларға жүргізілген қоғамдық бақылау қорытындысымен бөлісті.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаев ағымдағы жылғы І-тоқсанда ВАЖТ мүшелерімен жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстары туралы ақпарат беріп, қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізу бағытында ВАЖТ мүшелерінің белсенді жұмыс жасау қажеттігі жөнінде айтып өтті.
ВАЖТ төрағасы Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру ортақ міндет екенін атап, барлық мүдделі органдарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Отырыс қорытындысымен жұмыс тобының шешімі қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
11 мамыр 2022 ж. 260 0