№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Көпбалалы әке Қонысбек Беделбекұлы

Көпбалалы әке Қонысбек Беделбекұлы


Қонысбек Беделбекұлы Қызылорда қаласында орын тепкен Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі. 2008 жылдан бері Отан алдындағы борышын атқарып келеді. Бүгінде қарауыл бастығы - бөлініс бастығы  лауазымында қажырлы қызмет атқаруда. Еңбек өтілімінде жалпы 21 жыл  тәжірибесі бар прапорщик Қонысбек  Беделбекұлы көпбалалы әке. Ол басшылық тарапынан оң бағаланады. Қонысбек қызметте сенімді дос, беделді әріптес болса,  үйінде адал жар, қамқор әке. 
Жан-жары Айзат Әбдіқайырқызы Нұрымбетова екеуі сегіз баланы тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя. Олардың 2006 жылы 17 ақпанда Заманбек атты тұңғыш баласы дүниеге келеді. Заманбектің артынан сүйкімді Ақбота атты қызы 2007 жылдың 27 сәуірінде дүние есігін ашты. Ал 2008 жылдың 20 желтоқсанындаАқзере атты сұлу қызды дүниеге әкелген Қонысбектің жарын нағыз батыр ана деуге болар. Себебі өздеріңіз көріп отырғандай әр жылда бір баланы дүниеге әкелген анаға қалайша бас имейсің? Қонысбек Беделбекұлының жанұясы 2012 жылдың 19 ақпанында тағы бір батырмен толықты. Оның есімі – Санжар, Санжардың артынан ерген Мереке атты баласы 24 мамырдың 2014 жылы шыр етіп дүниеге келген. Зиннұр есімді тәтті қыз 2016 жылдың 28 қаңтарында дүниеге келсе, артынан ерген Айша есімді сіңілсі 2019 жылдың 3 қазанында, ал осы жылдың басында, яғни 20 қаңтарда Әсия атты ерке қыздары дүниеге келді.
Жұбайы Айзат Әбдіқайырқызы Қызылорда Облыстық Тубдиспансер орталығында медбике болып жұмыс жасаған, қазір үй шаруасында, балалардың тәрбиесімен айналысып отырған ана. «Күміс» және «Алтын алқа» иегері, мемлекет  тарапынан  Көпбалалы ана ретінде жәрдемақы  алады.  2018 жылдың желтоқсан айында «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы 4 бөлмелі пәтерге ие болған.
25 сәуір 2022 ж. 412 0