№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін қалай тексеруге болады?

МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесін қалай тексеруге болады?



Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН енгізу қажет. Сол кезде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.
Қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады

Телеграмм-бот @SaqtandyryBot. Шағын бағдарламаны іске қосу үшін сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына атау енгізіңіз, Бұдан әрі – «Сақтандырылу мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН енгізіңіз.
Egov.kz электрондық үкімет порталы. ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН көрсету қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты. «Мәртебені анықтау» нүктесі оң жақта орналасқан. Соны басып, ЖСН көрсету жеткілікті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
20 сәуір 2022 ж. 619 0