№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай білуге болады?

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай білуге болады?


Медициналық сақтандыруға 15,5 млн адам қатысады. Егер сіз сақтандырылған мәртебеңізді және өзіңіз үшін жарналардың түсетінін не түспейтінін білмесеңіз, оны бірнеше жолмен тексеруге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылғандарға МӘМС бойынша қажетті медициналық қызметтерді қалай алуға болатынын айтып берді.
Көптеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қалай алуға болады деп ойлайды, өйткені МӘМС бойынша тар бейінді дәрігерлердің консультациялары, гормондарға талдаулар, КТ/МРТ және басқа да қажетті диагностикалық қызметтер қолжетімді болып келеді.
Бірінші қадам-өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексеру.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.
1.        Egov.kz. электрондық үкімет порталы
Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН-ді енгізу қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.
2. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты   
 
«Мәртебені анықтау» қалқымалы терезесі сайт бетінің оң жақ бұрышында орналасқан. Оны басу және ЖСН-ді енгізу жеткілікті.
3. Goldau 24/7 мобильді қосымшасы.
PlayMarket немесе AppStore-да қосымшаны жүктеп алыңыз. Мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айға төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.
  1. Telegram-дағы@SaqtandyrýBot.
Ботты іске қосу үшін келесі сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына оның атын енгізіңіз, содан кейін «Сақтандыру мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН-ді енгізіңіз. Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің жағдайы мен бар - жоғы туралы ақпарат көрсетіледі.
Сақтандырылған мәртебеңіздің бар екенін тексергеннен кейін, сіздің МӘМС тізбесі бойынша сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдалануға құқығыңыз бар. Ол үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне бекітілгеніңіздітексеру қажет. Бекітілмеген жағдайда, egov.kz. сайты арқылы бекітілуге өтінім беріңіз.
Енді сіз өзіңіздіңучаскелікдәрігеріңіздің қабылдауына жазылааласыз. Көрсетілімдер болған кезде дәрігер базалық немесе кеңейтілген талдаулар тізбесіне жолдама жазады, қажет болған жағдайда сіздің денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау және емдеуді тағайындау үшін диагностикалық тексеруге немесе тар бейінді маманның консультациясына жібереді. Бұл қызметтердің барлығын МӘМС аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді, пациент олар үшін ақы төлемеуі керек.
Егерсіздемедициналықкөмектіңсапасыменуақтылығытуралысұрақтартуындаса, сіземхананыңПациенттердіқолдаужәнеішкіаудитқызметінехабарласааласыз. Егержағдайдышешумүмкінболмаса, Әлеуметтікмедициналықсақтандыруқорынакелесі керібайланысарналарыарқылыөтінішжіберугеболады: fms.kz ресмисайты, 1406байланысорталығы, Qoldau 24/7 мобильдіқосымшасыжәне Telegram-дағы
SaqtandyrýBot.
02 наурыз 2022 ж. 361 0