Тілін тауып, жанын ұққан баланың

– Қасиет, ұстаздық жолды көпшілігі таңдай бермесі анық. Сенің ұстаз болуыңа не түрткі болды?
– Мұғалім – басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Мұғалімдікті әуел бастан таңдадым дей алмаймын Семей Мемлекеттік Университетде оқып жүргенде, тәжірибе алмасуға мектепке жіберді. Сонда кіп-кішкентай бүлдіршіндердің «мұғалім» деп жаныма келіп, бір нәрсе үйренгісі келіп тұрған ықыластарын байқап, сол күннен «мұғалім» боламын деп шешім қабылдадым.
– Біліктілік санатын сайлап алған азаматтың ауыл мектебін асыл тұтып жұмысқа келуінің өзі – елжандылықтың белгісі деп қабылдадық...
– Маманға сусап отырған ауылға келгім келді. Қаланың балаларына ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндік өте көп. Ал, ауыл балдарына ондай мүмкіндіктер жоқтың қасы. Сол себепті де, өзімнің осы уақытқа дейінгі алған және алып жатқан білімімді бүлдіршіндерге үйретіп, олардың болашағына аз да болса өз септігімді тигізгім келеді.
– «Талабыңа нұр жаусын». Қасиет жас маман ретінде, білім беру саласында нендей жаңашылдық енгізіп, балаларға білім беруде қандай әдіс-тәсілдерді қолданып жатырсың?
– Жаңа ғасырдың жаңашыл, жеке тұлғасын қалыптастыруда жаңа технологияларды, жаңа әдістерді қолдануға тырысамын. Әсіресе оқушы білімін бағалау барысында әр сабақты дайын дүние бере салумен емес, бірінші тәжірибе жасап, сол тәжірибеден теория құрастыруға тырысамын. Яғни баланың тақырыпты толық игеруіне жағдай жасаймын. Оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделетіндей жоспар жасауға тырысамын. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
– Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Оқушыларды ағылшын тіліне қалай қызықтырасың?
– «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деп Қадір Мырзалиев айтқандай, қазақ тілін білу – бұл біздің парызымыз болса, ағылшын тілін білу заман талабы. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту жас өскіннің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Сол себепті де, оқушыларға ойын арқылы, түрлі көрнекіліктердің көмегімен тақырыпты жеңіл жеткізуге тырысамын. Ең бастысы, баланың ойын ашық жеткізу үшін барымды саламын. Сонда ғана баланың өз-өзіне деген сенімділігі артып, өзге тілді толық меңгермесе де, қатарластарынан ұялмау сөйлеуіне жол ашылады.
– Алда қандай мақсаттарың бар?
– Ұстаз жаны баладай пәк. Солар қуанса қуанамыз, мұңайса мұңаямыз. Жан дүниесін жанарынан танимыз. Өзім жетекшілік ететін сыныбымдағы шәкірттерімді баламнан артық көремін десем артық айтқаным емес. Мақсатым осынау әрбір үйдің үмітін келешек жақсы азамат, толыққанды егемен елдің тұтқасы болар тұлға етіп тәрбиелей алсам, еңбегімнің жанғаны.
– Қасиет, әдемі сұқбатыңа үлкен рақмет. Деніңе саулық, отбасыңа амандық, еңбегіңе табыс тілейміз.

Әсел РЗАЕВА