№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтардың құқығы аса маңызды

Азаматтардың құқығы аса маңызды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» арнасына берген сұхбаты көпшіліктің көкейінде жүрген түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатқандай болды.

Ол қазірде әлеуметтік желілерді шулатқан бейнежазбалар жайында да айтып, журналистің сауалына нақты жауап беріп, ел арасындағы болып жатқан оқиғалардың барлығынан хабардар екенін көрсетті.
Елде азаматтардың құқығын қорғау мәселесі егемендік алған алғашқы жылдан бері жіті назарда. Осыдан 27 жыл бұрын қабылданған Ата Заңда да мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ел ретінде орнықтырып, ең бағалы қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп бекітті. Ал, елдің алға жылжуының басты құжатына айналған Конституцияның алғашқы екі бөлімі де осы міндетті көздейді.
Отыз жылдан бері қастерлеп келе жатқан Тәуелсіздігіміздің басты ұстанымының бірі – адам құқығының сақталуы. Өйткені, Мемлекеттік биліктің бастауы – халық. Тұрғындардың бейбіт өмірі, елдің тыныштығы бәріміз үшін маңызды. Міне, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселені басымдыққа алып, елдің әр азаматының бостандығы мен жеке басының құқығының қорғалуына баса назар аударып отыр. Бұл – нағыз басшының іс-әрекеті деп ойлаймын.

Ақылбек Жәнібеков,
«Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық кәсіби медиаторы.
19 ақпан 2022 ж. 407 0