Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы


 31 желтоқсанда кең ауқымды, суық антициклон Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.

Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууына ықпал етеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде тұман түсіп, Алакөл маңында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.
Қызыолрда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде орталығында желдің секундына күші 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, түнде оңтүстігінде жел күшейеді, күші 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының тау және таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қостанай облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.
31 желтоқсан 2021 ж. 689 0