Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаппай тәртіпсіздік: Қызылордада көпбалалы аналар қамауға алынды

Жаппай тәртіпсіздік: Қызылордада көпбалалы аналар қамауға алынды



Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азаматша бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, тәртіпсіздікке орын берген.

Бейне-жазбада көрсетілгендей азаматшалар тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтып, ғимаратқа заңсыз кірген.
«Аталмыш екі азаматшаға қатысты «сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) қылмыстық іс тіркеліп, жан жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні екі азаматшаның қылмыстық әрекеттерін толық мойындағандығы, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, соңғыларының денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініштерін ескеріп бас шарасы үй қамаққа ауыстырылды.
Әрбір дерек мұқият зерттеледі. Нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады»,- делінген қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

27 қаңтар 2022 ж. 358 0