Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордада аңшы дүкеніне ұрлыққа түскендер ұсталды

Қызылордада аңшы дүкеніне ұрлыққа түскендер ұсталды


Қызылорда қаласында 6 қаңтар күні таңғы сағат 05:00 шамасында белгісіз азаматтар аңшы дүкенінің терезесін сындырып кірген. Олар дүкеннен киімдер, дүрбілер және арнайы пышақ құралдарын ұрлаған.

Жедел шаралар нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түсті деп күдіктелген екі қала тұрғынын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. 
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.
14 қаңтар 2022 ж. 525 0