№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттың мүддесі – бірінші орында

Ұлттың мүддесі – бірінші орында


Тас түскен жеріне ауыр дейді қазақта. Расында да, өте ауыр жағдай орын алды жылдың басында.
Орыс ұлтының атақты жазушыларының бірі Н.Гоголь құдайға деген шынайы махаббат өз халқына деген аяушылық сезімінен басталады деп айтқан еді. Осыдан тарих толқыны жаңарып тұрса да қоғамдық проблемалар да қатарласып жаңарып тұратынын байқаймыз.
Мұндай жағдайдан кейін елге алғашқыда әр проблемалық мәселелерді жанама сөздермен емес тура негізінде атап, өзінің орнына қоятын және оларды жоятын нақты, әрі ашық қадамдар қажет. Әрине, бұған материалдық, ең бастысы рухани ресурстар қажет. Үрейленген халық, қатыгез бұзақылар, әбігер болған билік мемлекетті тұрақтандыру қажеттілігін өтей алмайды. Сол себепті сабырға келіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жаңа қазақстанды, тура сөзінде өркениетті қазақстанды орнатуға бірге жұмылуымыз керек сияқты. Осы ретте президент Қ.Тоқаев қисынға сай келетін және ел көңілінен шығатын бастама көтеріп, елді бірігуге шақырды. Өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Қиыншылықты еңсере алмай, теңізді тастап кеткен капитан секілді жауапкершілікті өзіне артпай қызметін тастап кетсе қалай болар еді? Проблеманың үстіне дүре проблема қосылар еді.
Өзімізге, мемлекет құраушы ұлт – қазақтарға қандай ақыл-кеңес айтса болар еді? Жаһандану заманында әлем қауымдастығының алдында еңсеңді биік көтеріп жүру үшін зорлыққа бару қадамы проблемаларды еңсеретін шешім емес. Қазақтар өз жерінде барлық этнос өкілдерін айналасына топтастырып, арандатусыз, жемқорлықсыз және әділетті қоғам орнатса ғана осы жер бетінде өзінің орны бар, табиғат анадан алатын үлесі бар ұлт екенін дәлелдей алады.
Ұлттық, содан кейін ғана жеке басының жетістігі үшін тырысу алдағы уақытта біздің оптимисттік көзқарасымыздың негізі болмақ. Мен бұған кәміл сенемін, әйтпесе ұлтым болмаса мен кіммін?!
Бауыржан ҮСЕНБАЕВ,
Саясаттанушы
19 қаңтар 2022 ж. 265 0