Соңғы жаңалықтар

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Педагогтар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» аударуға міндеттелмейді

Педагогтар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» аударуға міндеттелмейді


ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогтарды бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» аударуға міндеттеу туралы желіде таралған пікірлерді жоққа шығарды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева «Facebook» парақшасында мәлімдеді.

«Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар», – деп жазды ведомство өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
17 қаңтар 2022 ж. 323 0