№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕСІН!

СЕНІМГЕ СЕЛКЕУ ТҮСПЕСІН!



Қаңтардың қанды оқиғасы қоғамды бей-жай қалдырған жоқ. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дегеннің керін келтіріп, кісі өліміне, тонау-арбауға апарған жанұшырған жағдай жадымыздан, сірә шыға қоймас. Қазақ небір тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерді, бірақ бассыздыққа бармаған, тектілігін сақтаған еді. «Жау жоқ деме жар астында» дегенді де қаперде ұстағаны тағы бар.

Ел қиын-қыстауда бар үмітін Мемлекет басшысынан күтті. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кемеңгерлік саясатының, кемел басшылығының арқасында мемлекет тағдырына ақыл-парасатпен, зиялы зейінмен қарай білді, нағыз мемлекеттік ірі қайраткер екенін көрсетті. «Аққа құдай жақ» деген осы, ол халқы үшін ештеңеден аянып қалмайтынын әлем алдында мойындатты.
Ұлт мүддесін, тілін, дінін қорғауда ешкім тақымымыздан тайдыра алмайды, өйткені біздің сенімді Президентіміз бар!
Ендігі жерде халық болып мемлекетке қолдау көрсетуіміз керек, бұл – әрбір перзентке парыз, Отанға деген адалдық деп білемін.

Ал, төтенше жағдай салдарынан туындаған экономикадағы қиындықтарды еңсерудің мүмкіндігі бар, ең бастысы, арамыздан ынтымақ кетпесін, береке сонда кіреді.

Осындай күрделі кезеңде жүректен жылылық кетпей, сәулелі күнге сеніммен қарауға тиістіміз. Қандай да бір қысыл-таяң тұста біздің бірлігіміз бен табандылығымыз сындарлы шақтан сүріндірмейтінін сездік. Енді есігімізді тек жақсылық қақсын, жаман аттан ауылымыз аман болсын!
11 қаңтар 2022 ж. 361 0