№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы ұлғайды

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы ұлғайды

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы да ұзарды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас және 6 айды құрайтын болады.

Қазіргі сәтте ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Ал әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғаяды. Өзгерістер 1960-1964 жылы дүниеге келгендерге қатысты. 
2018 жылдың 1 қаңтарында әйелдердің зейнет жасы 58,5 жылды құрады. 
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жаста шығатын болады. 
2027 жылға қарай қазақстандық әйелдер 63 жаста зейнетке шығады. 
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 59,5 жыл;
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60 жыл;
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60,5 жыл;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61 жыл;
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61,5 жыл;
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62 жыл;
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62,5 жыл;
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жыл. 
04 қаңтар 2020 ж. 1 266 0