№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Кәсіптің көзін тапқанды бақыттың өзі табады

Кәсіптің көзін тапқанды бақыттың өзі табады


Уақытты уысында ұстап тұра аласың ба? Жоқ. Бұл мүмкін емес. Бірақ сол уақытпен санаспай, еңбек пен ізденісті ұштай білген өмірде биік белестерді бағындыра алады. Мұны неге айтып отырмыз? Аудандық мәслихаттың депутаты, белгілі меценат Әлібек Нәлібаев Тәуелсіздік күні қарсаңында «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл қуанышты бөлістік те. Алайда жетістікке жетудің сырын өзінен сұрап-білудің жөні тіпті бөлек.

Бүгінде кәсібінен береке тауып, халықтың алғысын арқалаған кәсіп иесі 25 жыл бұрын, яғни 1995 жылдан бастап «Бақытжан» шаруа қожалығын қолға алып, кәсіпкерлікке қадам басады. Ағамыз егіншілік, мал шаруашылығын қатар ұстап, халыққа сервистік қызмет көрсететін – мейрамхана, май құю беке­тін жолға қояды.
«Бақытжан» шаруа қожалығы ауданда асыл тұқымды түліктің саны артуына үлес қосуда.
– Мал баққанға бітеді. Атадан қалған асыл сөз. Әдепкі уақыттары неше түрлі қиын кездер болды. Бәрі уақыт өте келе тәжірибемен ретке келе береді екен. Біз шаруа адамы болғансын, қысы-жазы тынымсыз қарбалас тіршілікпен жүреміз. Өйткені қыстың күні малдың жем-шөбі жеткілікті болмаса, аяз қатты болса, қорадағы малың көтерем болып қалады. Сосын малдың неше түрлі ауруы бар. Мысалы, мүйізді ірі қараның қырық түрлі кеселі болады. Бізде үлкен шаруашылық болғандықтан жаныңдағы көмекшілерің жақсы қарамаса, мал ұстау, оның бабын келтіру қиын. Менің малшыларым бәрі біледі. Кешке  бестен кейін үйге барып, киімімді ауыстырып, күн батқанша фермада жүремін. Өз ісіңнен жаның рахат тапса, жақсы өмір сүруге деген ынтаңыз болса, шалғай ауылда отырып та талай нәрсеге қол жеткізуге болады.  Мал шаруашылығын бастағалы ауылдан ешқайда ұзап кетпейтінімді түсіндім. Неге десеңіз, таза еңбекпен жиған-тергеніңіз болғандықтан барынша одан әрі дамытуға тырысады екенсің, айналайын. Қазір жаман емес, ауылда екі жүзге жуық отбасын жұмыспен қамтып отырмыз. «Ағайында болса, ауызға тиеді» деген осы ғой. Егер біз ауылды дамытуға үлес қоспасақ, еліміз қалай дамымақ, – дейді Әлібек Машбекұлы.
Қазақтың «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген даналық жолын ұстанған, жүрген жерінде ұлағатты із қалдырып жүретін азаматтың ел үшін жасаған игілікті істері атан түйеге жүк болардай салмақты. Туған өлкесінде жағдайы нашар отбасыларға ай сайын көмек көрсетіп, Алланың үйі мешітке садаққа беруді парызым деп ұғынатын азамат бүгіндеел-жұртының алғысын арқалап келеді.
Адамдықтың биік тұғыры – тектілік десек, бұл қасиет кейіпкеріміздің бойына әкесінің қанымен, анасының сүтімен дарығанын әңгіме барысында аңғардық. Әкесі Машбек де өз заманында еңбекқорлығымен, іскерлігімен, адам­гершілік қасиеттерімен ел аузында қалған абыз ақсақалдың бірі болғанын түсіндік. Ел ықыласына бөленген ар­дақты әкенің айтқан әрбір сөзінің мағынасын терең түсінуге тырысатын әрі күнделікті тіршілікті қолданатынын Әлібек ағамыз осы күнгі жетістіктері әрі елге сыйлы болу үшін ақыл мен үлкен жүрек иесі болу керектігі жайлы сөздерін жиі есіне алып отыратынын аңғардық.
Өткенге көз жүгіртсек, Әлібек Машбекұлының саусағы тимеген сала жоқ секілді. Өсіп-өнген ауылын көркейтіп, ауыл-аймағын абаттандыру, қордаланған әлеуметтік мәселелердің шешілу жолында, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, жастарға қолдау білдіру сынды  қайырымдылық қадамдарын тізер болсақ, айтып тауыса алмаспыз, сірә. Көктем шыға дала төсін жайқалтып, қамбаны дәнге толтыруға білек сыбана кірісетін диқандардан да көмегін аяған емес. Ағамыз қайырымдылық істерін көпке жария етуді, жұртшылықтың білгенін жөн көре бермейтінін сұқбат барысында тілге тиек етті. Болмаса елдік бағытта елеулі істері баршылық. Оны айналасында жүрген азаматтар айтып-ақ жүр.  Артынан ерген інілері «Аға, біздің жанашырымыз» десе, мешіт имамдары да мейірімділігін сөз етіп отырады. Ең бастысы екі жүзге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып, бірінші кезекте қызметкерлерінің жалақысын уақыты беруді басты назарда ұстайтынын бағамдадық. Ауқымды істі атқаруда іскерлік керек. Бәрінен бұрын, уақытты ырқына бағындыруда әрбір минутта жоспарлы іс атқару міндеті тұр.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, той тойлайтын емес, ой ойлайтын уақыт келді. Ел экономикасын көтеруде кәсіпкерлердің үлесі артуда. Есесіне Үкімет те кәсіпкерлерді қолдап келеді. Еңбек етемін деген адамға бәрі дайын, жағдай жасалып жатыр. Диванның үстінде жатып алып, бос қиялдамай, нақты іске көшетін уақыт келді, – деді ол.
Біз ел ағасының елдік бағыттағы істеріне осылайша қаныға түстік. Сондықтан сұхбатты азаматтық көзқарасы, парасат-пайымын тану бағытына бұрдық. Ұққанымыздай Әлібек ағаның қамқорлығын сезініп жүрген адамдар аз емес екен.
Бірер жылды ғана мысалға алайын. Өткен жылы үйі апатты жағдайда деп танылған Нәрзила есімді апаның қонысын жаңартып берсе, биыл Қыраштағы Өтешбек Омарұлына баспана тарту етті. Орталық мешіттің құрылысын демеді. Аудан өнерпаздары мен спортшыларына да талай қаржылай демеушілік еткен азаматтың ел алдында құрметі биік.
Қорыта келгенде, Әлібек Мәшбек­ұлы адамдық қалпынан айнымаған ар­дақты азамат, ауылының, жерлестерінің алаңсыз тіршілігі үшін тер төгіп жүрген депутат, отбасының тірегі, туған-туыстың ардақтысы, елдің елеулісі.
Әсел РЗАЕВА
25 желтоқсан 2021 ж. 356 0