№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Халық партиядан есептілікті күтеді

Халық партиядан есептілікті күтеді


Қазіргі таңда халық партиядан – диалогтылықты, есептілікті және олардың бастамаларын ілгерілетуді күтеді. Осы ретте, ауданымызды дамытудың нақты жоспары - «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы жайлы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысы жайлы ой бөлісіп, пікір алмасу үшін «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданының мәслихат депутаттары Тілеубергенова Асемкул Манапқызы мен Абдукаримова Жаудир Бекахметқызы Жаңақорған кенті, Әлшекей Бектібаев көшесінің тұрғыны, көше комитетінің төрағасы Шәзінда Жайынбаевтың отбасында канвассинг кездесу өткіздік. Кездесуді көптен күтіп жүрген көше тұрғыны қуанышын жасыра алмай көкейде жүрген бірнеше мәселені тізбектей жөнелді.

- Әлшекей көшесі жарықтандырылса;
- №125 мектептен кейінгі бірінші көше болғандықтан мектеп оқушылары осы көшемен жүріп өтеді. Тротуар салынбаған. Алдағы уақытта ең болмаса көшенің бір жағынан тротуар салынса;
- Тұрғын үйлердің жарықтандырылуы нашар болғандықтан қарама қарсы тұрған үйлердің жанындағы столбадан сым тартылған. Бұл өз кезегінде кедергілер келтіруде. Осы жұмыстарды реттеу шаралары атқарылса;
- Көше жолымен үлкен салмақты көліктердің жүруі реттелсе, т.с.с.
Ия қордаланып қалған мәселе кезең- кезеңімен шешілетіндігін, ал көшені жарықтандыру мәселесі келесі жылға жоспарланып тұрғандығын жеткіздік.
Ашық-жарқын әңгіме өрбіген кездесуге риза болған көше тұрғыны алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай есептілік өткізіліп отырса деген ниетін жеткізді.

Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданы филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты
23 желтоқсан 2021 ж. 246 0