Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

№86 (8999) 14

14 қараша 2026 ж.

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ



Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды.
Жиында медицина саласының ардагерлері Тұрғанбай Маханұлы, Абдулла Сыздықұлы және Асылбек Жамалұлы ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен және Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірді басқарған кезде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуда бірқатар жоба жүзеге асты. Жалпы 41 жаңа медициналық нысан ел игілігіне беріліп, 2022 жылдан бері салаға 625 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандарда 28 медициналық нысан салынды. Сонымен қатар, төрт көпбейінді аудандық орталық аурухананың жанынан қосымша ғимараттар мен жұқпалы аурулар бөлімшелері бой көтерді. Медициналық ұйымдар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, Титов қыстағындағы ауысымына 400 адам қабылдайтын №5 қалалық емхана және 200 орындық перинаталдық орталық салынуда.
Сол жағалаудағы 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емханасы, 300 төсектік стационар және онкологиялық бөлімшесі бар. Қабылдау, ота жасау, жансақтау, химиотерапия және радиотерапия бөлімдері қарастырылған. Аурухана заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақтандырылады. Атап айтқанда, магниттік-резонанстық томограф, компьютерлік томограф, ангиограф және қатерлі ісіктерді сәулелік әдіспен емдеуге арналған сызықтық үдеткіш орнату жоспарланған. Жаңа медициналық кешен өңір тұрғындарының жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады.
Қазіргі қолданыстағы қалалық аурухана 1977 жылы салынған. Онкологиялық қызмет талапқа толық сәйкес келмейтін модульдік ғимаратта көрсетіліп келеді. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін күрделі диагностикалық тексерулерден жергілікті жерде өтуге жағдай жасалады, ем қабылдау мүмкіндігі кеңейеді.
19 қараша 2026 ж. 65 0