Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газдан келетін қауіп көп

Газдан келетін қауіп көп



Апат айтып келмейді, рас, қыс айларында тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан Жаңақорғанда жыл сайын түрлі қайғылы жағдайлар орын алады. Әсіресе, боранды күндері, көктайғақ пен жауын-шашынның мол түсуі кезінде жол апаты жиілейді. Көгілдір отыннан келетін қауіп те аз емес. Ал, қақаған аязда болатын өрттің әлегі әбігерге түсіреді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін барынша қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Біз өрт пен табиғаттың тосын мінезінен болатын төтенше жағдай жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен болған брифингте бағдарладық.
Қазіргі кезде тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ең алаңдатарлық жағдайға айналды. 2021 жылдың осы уақытына дейін аудан көлемінде 49 өрт оқиғасы орын алса, оның 34-і тұрғын үйде, 10-ы автокөлікте, қалғаны әр түрлі нысанда тіркелген. Өрт оқиғасы салдарынан 3 тұрғын үй толығымен өртеніп кетсе, мал азығы мен қоса 9 бас жылқы, 34 бас уақ мал да жанудың құрбанына айналды.
– Сараптама негізінде өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде болатынын көрсетеді. Бұл жалпы өрттің 68 пайызын құрайды. Тұтынушылардың өрт қауіпсіздік ережелеріне селқос, немқұрайлы қарауынан және электр ақауларынан да болады. Тұрмыстық газ плитасында ас әзірлеу кезінде ұмытып бақылаусыз қалдыру, жанып жатқан пешті, қосулы тұрған электр жылытқыштарын бақылаусыз қалдыру, электр желілерінің қысқаша тұйықталуы, балалардың отпен ойнауы, ашық отты пайдаланудағы аңғалдық – өрттің шығуына бірден бір себеп жағдайлар. Бұл қауіпке көбіне мас күйінде жүрген жандар кінәлі болады, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Бүгінде Жаңақорған кенті толықтай табиғи газға қосылған. Алайда көгілдір отын талаптарын сақтамау салдарынан апатты жағдай жиі орын алатынын жауапты мамандар алға тартып, дабыл қағуда. Оның алдын алудың жолдары былай түсіндірілді.
– Газ плитаны қосқанда жалының түсін бақалаңыз, егер ол қызғылт сары болса бұл құрылғыда ақауы бар екендігін білдіреді. Бұл жағдай анықталғанда газ мамандарын шақырып, ақауды жою қажет. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарын қараусыз қалдырмаңыз, жанып тұрған жалынның үсіне су құйылып кетпеуін немесе жалынды жел үрлеп, сөніп қалмауын қадағалаған жөн. Мұржада және желдету каналдарында ақау салдары улануға әкеліп соқтырады. Сондықтан жылу беру маусымында моржалардың тазалығын үнемі тексеріп тұру қажет. Бөлмеде газ исі пайда болғанда дереу газ құрылғысын пайдалануды тоқтатуға тиістіміз. Құрылғылардың шүмектерін жауып, терезелерді ашып, бөлмені желдету керек. Бөлмедегі электр жа­рығын қоспаңыз, егер электр жарығы қосулы тұрса ажыратпаңыз, – деді бөлім бастығы.
Биыл газ құрылғыларын орнату кезіндегі талаптарды сақтамау салдарынан бір тұрғын үйде жарылыс (хлапок) орын алып, салдарынан 2 адам қаза тапты. Соның бірі жасөспірім. Міне, газдан келетін қауіптің бір ұшы. Егер осындай ақаулар шығып жатса, онда 109 нөміріне қоңырау шалып, «ГазРемМонтаж» қызметкерлерін ша­қыруға болады.
– Шыны керек, тұрғындардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақ­талуын талап етеді. Еліміздің әр аймағында тұтынушылардың газ қон­дырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығын, күнделікті баспасөз құралдары мен телеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз. Улы газдан улану жағдайы көбінесе УГОП-16 пешін пайдалану кезінде орын алып жатады. Бұл тұтынушылардың пештің жарамдылық жағдайына аса мән бермеуінен, түтіндіктің тартымдылығын уақтылы тексеріп тұрмағандығынан болады. Біз яғни «ГазРемМонтаж» ЖШС тұрғындардың қауіпсіздігіне жауап береміз. Аудан халқы біздің қызметімізге қанықты, жиі хабарласып, өз өтініштерін білдіріп жатады. Газ құбырларын газ пешті және төрт көзін тазалау, газ жабдықтарын жөндеу сынды мәселелер туындаса бізге хабарласады, – деді мекеменің Жаңақорған филиалы директоры Роза Спатаева.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 желтоқсан 2021 ж. 356 0