№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 2012 жыл: Жаңақорғандағы жаңа қорған

2012 жыл: Жаңақорғандағы жаңа қорған


Кенттің келбеті атауына сай болуы үшін жергілікті архитекторлар мен сәулетшілер түрлі пікір білдіріп, өз қиялындағы қорғанды қағазға түсіріп, жобасын ұсынды. Көптің қолдауымен 2012 жылы Жаңақорғанда жаңа қорған тұрғызылды. Ауданның айшықты нысанының көпшілік біле бермейтін сырын тарқатуды жөн көрдік.


Тақырыпты тарқатпас бұрын тарих қойнауына кеткен ежелгі қорғанды сөз етсек. Тарихи деректерде Дінқорған немесе Шепқорған аталатын бекініс ғасырлар бойы өз қалпын сақтап, қазақ хандығының сан алуан ғұмырынан сыр шертіп, кешегі Кеңес Үкіметі кезіне дейін мұнаралары менмұндалап тұрды. Сол кездегі идеолоияның екпінімен, қорған жермен жексен етілді. Бекініс қәзіргі аудан әкімі орналасқан ғимараттың артқы жағындағы Қорған көшесі аталатын көше болғанын көнекөз қариялар айтады.
Қорған туралы тарихи дерек көздері жоқтың қасы. Бізді жұбандыратыны қорғанның келбетін суреттеп жазған жазбаның сақталуы – біраз жәйттен хабар береді.
Қорған тарихы туралы деректер геогроф Неколай Алексеевичтің еңбектерінен оқуға болады. «Қоқандықтардың тұтқынында бір ай» атты мақаласында ол өзінің тұтқында болған жайды толық суреттеп жазады. Мақалада Н.А.Северцев өзінің қақтығыс барысында ауыр жарақаттанып, жүзбасы Досжан батыр бастаған қоқандықтардың қолына түсіп, Жаңақорғанға жеткізілгенін айта келе: «Жаңақорған Өгіз мүйізден басталатын оңтүстік – батысқа қарай өзенге дейін созылған, аздап байқалатын биіктеу дөңестін үстінде, су алмайтындай, Сырдың нақ іргесінде тұрғызылған. Дөңестің төбесін оны көк шөппен басқандығы арқылы ажыратуға болады, ал шығыс пен батыс жағында, бекіністен алшақ емес жерде, дарияның бойында тек кейбір жерлерде аздап көк шөппен бөлінетін тікенек өсуде. Жаңақорған тұрғызылған жер өзеннен онша биік емес, ондағы бекіністі қоршаған ордағы өзеннен алынатын су бар-жоғы іргеден төрт аршын ғана төмен», – деп жазады.
Бекініс – төрт бұрышты. Өзенге перпендикуляр тұрғызылған қабырғалары, оған паралель қабырғаларынан ұзынырақ, олардың ұзындығы екі жүз сажынға дәлірек айтсақ,400 метрге шамалас. Қабырғалары Ақмешіттегідей, жалпы сол өңірдегі азияттықтардың бекіністерінің қабырғаларындай, ордан алынған ұрма саздан тұрғызылған. Бекіністің ішінде кибиткалар және саз балшықтан құрылыстар салынған. Бекіністе зеңбіректер жоқ, бірақ қабырғаның үстіне қойып атуға арналған пілтелі бекініс мылтықтары бар. Қақпасы ордың үстіне қойылған көпірдің алдында, шығыс бетінде, үсті жабық. Қақпаның ішкі ұзындығы, кейін Түркістанда көргенімдей, бекініс қабырғасының қалындығынан ұзынырақ. Қабырғалардың сыртқы беті тіктеу, ішкі, құрылыстар жабсырылып соғылмаған беттері шалқайыңқыраған, үстінде, арасына бекініс мылтықтарын қойып ату үшін пәстеу дөңгеленген тістерден қабырға тұрғызылған. Бекініс маңында бірнеше үйлерден тұратын ауыл орналасқан. Бұл зоолог Николай Северцевтің естелігінен түйгеніміз.
Осындай ерекше қорған орналасқандықтан кент атауына сай болуы заңдылық. Көптің назарын аударған тарихи атауымызға мән беріп, кенттің ажарын ашатын жаңа қорған салуды ел тізгінін ұстаған игі жақсылар құптап, түрлі жобаларды сын тезісінен өткізді. Осылайша, тарихи құндылығымыздың құрметіне тесік көпір маңынан қызыл кірпіштен заманауи сәулет өнерінің өрнегімен қорған тұрғызылды.
Әсем сәулетті нысанның осы маңға қойылуының маңызы ерекше. Бұл туралы ел ағасы Үмбет Абдуллаев:
– Ол кезде кент бүгінгі күнге қарағанда шағын әрі темір жол қатынасы қызып тұрған еді. Жаңақорғанға келушілер мен темір жол жолаушылары кентті кесіп өткенде Жаңақорғанға келгенін сезініп, жағымды әсер алуы үшін көрнекті нысан қажет болды. Десе де, мұның көркемдік жұмысына көңіл тола бермейтінін жасыра алмаймын, – деді сәулетші.
Биіктігі 2,5 метр,ұзындығы 100 метр қорғанды тұрғызуға екі ай уақыт кетті. Айта кетейік, осы жылы Кеңес ауылындағы №239 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Тарихи атауымызға мән берілген 2012 жылы жаңа бастамаларымен ел есінде қалды.

Мақпал МАРҚАБАЙ
20 қараша 2021 ж. 476 0