№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстан вакцина сатып алуға қанша қаражат жұмсады?

Қазақстан вакцина сатып алуға қанша қаражат жұмсады?


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды сатып алуға қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Вакциналардың құны бойынша біз жеткізушілерімізге келісімшарттардың құпия екенін ескере отырып, сандарды жариялауға рұқсат беру туралы өтініш бердік. Бірақ мен барлық сандар мен бағалар зауыттардың ресми бағалары екендігіне сендіргім келеді. Яғни ұқсас бағалар басқа елдерде де бар. Біз әр компаниядан сұраныс бердік, бағаны айтуды өтіндік. Жалпы сандар, негізінен, вакцинаның құны бойынша айта аламын. Биыл вакциналарды сатып алуға 95,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл 10 млн 890 мың адамға шаққанда», деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.
Барлығы 14,28 млн доза Спутник V, 1 млн Hayat-Var, 2,97 млн доза QazVac, 500 мың SinoVac сатып алынды.
Оның айтуынша, Sinopharm вакцинасының 4 млн дозасын жеткізу күтілуде.
20 тамыз 2021 ж. 674 0