№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көп балалы отбасыларға мемлекеттік қызмет жеңілдетілді

Көп балалы отбасыларға мемлекеттік қызмет жеңілдетілді



Электронды үкімет порталы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жеңілдету мақсатымен құрылған. Бұл мемлекеттік орындардың барлық ақпараттық ресурстарына қолжетімділіктің бір тетігі, мемлекеттік органдар мен азаматтардың кері байланысын орнатуды көздейді.


Қазіргі уақытта бала тууға бай­ла­нысты тағайындалатын және тө­ле­нетін ай сайынғы мемлекеттік жәр­дем ақыларды тұтынушылар элек­тронды үкімет порталы арқылы тап­сырып, қазіргі уақытта сапалы қызмет көрсетілуде. Жанұяда бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға да электронды үкімет порталы арқылы көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауда мемлекеттік қызмет көрсету қолға алынды. Енді көп балалы отбасылар бұрынғыдай бала туған кезде берілетін біржолғы және бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін жәрдемақыны электронды портал арқылы бір өткізіп, көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақы үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып әуре болмай, бәрін бірдей электронды үкімет порталы арқылы өткізе алады. Бүгінгі таңда аудан тұрғындары осы тиімді жобамен мем­лекеттік қызмет түрін пайдалануда.Төлем алушыларға бір жерден қызмет көрсету және қағаз түріндегі құжаттар түрін азайту мақсатында ақпараттық жүйе мен орталықтандырылған де­ректер қоры үнемі жетілдіріліп, жеке куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, мекен-жайы, бет есептері туралы мәліметтер электронды ақпа­рат жүйесінен алынуда. Осыған сәйкес аудан тұрғындарына оңтай­ландырылған қызмет түрін пайдалану ұсынылады.
Электронды және проактивті қыз­меттер тізбесі төмендігі қызметтерден тұрады.
1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тір­келген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырған электрондық құжат нысанында;
2. Бала тууға байланысты тағайын­далатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
3. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағай­ындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
4. Құрамында бірге тұратын кәме­летке толмаған төрт және одан да көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы;
5. Мүгедек баланы (мүгедек бала­ларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алу­шыға қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
6. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағай­ындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
7. «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» Алқаларымен наградталған көп бала­лы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
8. Медициналық-әлеуметтік сарап­тама бойынша мүгедектік алғашқы рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауына бай­ланысты өтініш мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәр­демақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін бір өтініш қағидаты бойынша беріледі немесе электрондық үкіметтің WWW.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асады;
9. Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
10. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
11. Зейнетақы аударымдары тура­лы анықтама алу;
12. Жұмыспен қамту орталығы адамдарды жұмыссыз ретінде тір­кеген және бір өтініш қағидаты бойынша жұмысынан айырылу жағ­дайына төленетін әлеуметтік тө­лемді тағайындауға жүгінген кезде проактивті қызмет көрсетеді. WWW.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріледі.

Алия Аблаева,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы


10 қараша 2021 ж. 330 0