№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көпбалалалы ана мәртебесі мен көпбалалы отбасы жәрдемақысы. Қалай алуға болады?

Көпбалалалы ана мәртебесі мен көпбалалы отбасы жәрдемақысы. Қалай алуға болады?


Осы орайда көпбалалы ана мәртебесін алу және көпбалалы отбасы жәрдемақысы жайлы және аталған көмекті алу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігін анықтап білді, деп жазады
Stan.kz сайтына сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, көпбалалы ана мәртебесі мен көпбалалы отбасы жәрдемақысы ажыратылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңының
27-бабына сәйкес, көпбалалы ана мәртебесі наградалар арқылы анықталады. Наградалар мына алқалар:
1. «Алтын алқа»;
2. «Күміс алқа»;
«Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар, ал «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және
тәрбиелеп өсiрген аналар марапатталады.
Көпбалалы аналар мәртебесін алғаннан кейін («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларын алу), марапатталғандар Мемлекеттік корпорация арқылы төленетін көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы төлемдерін алуға құқылы.
"Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы N63 Заңының 1-бабының 1 тармағына сәйкес, балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығының 18-тармағына сәйкес, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы тағайындауға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтініш берілген күн жүгінген күн болып есептеледі", - делінді мемлекеттік корпорациясы түсіндірмесінде.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» № 2676 Заңына сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады.
«Алтын алқа» алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.
Ал «Күмiс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен наградтау кезiнде, сондай-ақ:
- ананың заңда белгiленген тәртiппен асырап алған;
- Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiледi.
Қажетті құжаттар:
«Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» наградасына ұсыну үшін, азаматша тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық Әлеуметтік әл-ауқат бөліміне келесі құжаттармен жүгінуі қажет:
1. көпбалалы ананың жеке куәлігінің көшірмесі және түпнұсқасы;
2. неке қию туралы куәлігінің көшірмесі;
3. барлық балалардың туу туралы куәліктерінің және жеке куәліктерінің (болған жағдайда) көшірмесі;
4. ата-анасына және әр балаға жұмыс орны мен оқу орнынан анықтама.
5. тегін өзгерткен жағдайда, тегін өзгерткенін растайтын құжат.
Көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініштер мен құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация өтінішпен және құжаттар көшірмелерін қоса бере отырып, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесіне жүгіне алады.
Оған төмендегі құжаттар керек:
1) жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы ана атағын алғандығын немесе марапатталғанын растайтын құжат;
3) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы;
4) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.
Мобильді азаматтар базасында (БМГ) өтініш берушіні тіркеу кезінде, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен алғашқы рет марапатталған аналарға қызмет SMS-хабарламаны растау арқылы жеке өтініш білдірусіз, проактивті түрде ұсынылады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 1-бабында «көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы» (бұдан әрі– көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы) ұғым қалыптасқан.
ҚР Заңның 8-1-бабының 2-тармағына сәйкес, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растаушы құжаттар болған кезде өтініш жасалған күннен бастап ағымдағы айға және осы жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі:
1) жеке басты куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін.
Оралман мәртебесі бар адамдар көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындауға жүгінген жағдайда оралман куәлігін сәйкестендіру үшін ұсынады;
2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
Өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда - неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік;
балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған жағдайда - балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер;
3) асырауындағы адам он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін оқудың күндізгі нысанында білім алатын жағдайда жыл сайын берілетін Ережелердің 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы;
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
Көпбалалы отбасы куәлігі
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңынына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіру уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ҚР ЕХӘҚМ) болып табылады.
Қазіргі таңда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің нұсқауына сәйкес, көп балалы отбасы жәрдемақы алушының өзі жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация филиалдары көпбалалы отбасы куәліктерін береді.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды тапсырған кезде, www.egov.kz веб-сайтында Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тапсырыс беру керек.
Құжат көпбалалы отбасыларға, ең алдымен мемлекеттен әр түрлі көмекке үміткер болу үшін қажет болады.
26 тамыз 2020 ж. 1 458 0