№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨҢІРІМІЗДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ИНСТИТУТТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ.

ӨҢІРІМІЗДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ИНСТИТУТТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ.


Комплаенс ұғымы – бұл ұйым белгілеген ережелер мен этикалық нормалардың жиынтығы, ұйым қызметкерлерінің іскерлік – мінез құлқы құрметті кәсіп құру мақсаттарына сәйкес келеді.

Заңға сәйкес, барлық компаниялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектісі болып табылады. Демек олардың барлығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайтуға құқық берілген.
Комплаенс-қызметтердің негізгі міндеті - тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, бұл ұйымның "қорғаушы – кеңесшісінің" көп функциялы ұстанымы екенін атап өткен жөн. Ол қағидалардың сақталуын талдайды, тәуекелдерді анықтайды, тікелей бірінші басшыға немесе Директорлар кеңесіне бағынатын тәуелсіз тұлға болып есептеледі.
Комплаенс қызметі Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімді құралдарының бірі болып табылады. Айта кететін жәйт, комплаенс институтын Қазақстан посткеңестік кеңістік елдері арасында алғашқылардың бірі болып енгізуде.
Квазимемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу міндеті өткен жылдың  соңынан бастап заңнамалық деңгейге енгізілді. Яғни, 2020 жылдың 6 қазанында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 16-бабына «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелерді айқындауды көздейтін түзетулер енгізілді. Бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін жасалған қадам.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-институтын ұйымдастыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде біріңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)тарапынан нұсқама әзірленіп, өңіріміздегі барлық квазимемлекеттік және жеке секторларға жолданды. Нәтижесінде қазіргі таңда облыс бойынша 200-ден аса мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлері тағайындалды.
Бұнымен тоқтап қалмай, қалған ұйымдарға да комплаенс институтын енгізу бойынша қазіргі кезде департамент тарапынан жұмыстар атқарылып жатыр.Департамент өз кезегінде комплаенс қызметтерін құруда әдістемелік көмек көрсететін болады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен заңнамалық жаңашылдықтарды түсіндіре отырып,  ISO 37001 халықаралық стандартының негізіндегі комплаенс офицерлерді оқытатын 24-сағаттық (3 күндік) семинар ұйымдастырылған. Аталған семинар мемлекеттік және орыс тілдерінде, ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта топтың жиналуына қарай өткізіледі. 
Қазіргі уақытта ISO 37001 стандарты бүкіл әлемде кеңінен таралған.
Айта кетсек, Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік ұйымдар арасында бірінші болып ISO 37001 Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесін сертификаттаудан өткен.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы
Болат Айнұр.
04 қараша 2021 ж. 349 0