Конституция

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Байқоңырда» «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

«Байқоңырда» «Союз МС-18» кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-18» көліктік басқарылатын кемесін ұшыру алдындағы дайындықтары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыстар кестесіне сәйкес, сынақ-монтаждау корпусының жаңғырық шықпайтын камерасында кеменің автономды сынақтарының циклі өткізілді. Сондай-ақ «Союз МС-18» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына жақындауы мен түйісуін қамтамасыз ететін радиотехникалық аппаратураның қызметін тексеру бойынша операциялар жүргізілді.
«Союз МС-18» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылдың 9 сәуірінде ұшырылатыны жоспарланған. Кеме Халықаралық ғарыш станциясының бортына келесі – 65-інші негізгі экспедицияның экипажын жеткізетін болады.
Еске салайық, Байқоңырдан жақын уақытта болатын старттар: 2021 жылдың 15 ақпанында – «Прогресс МС-16» ғарыштық жүк кемесі, 28 ақпанында «Арктика-М» ғарыш аппараты ұшырылады.
08 ақпан 2021 ж. 2 145 0