Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өз брендін қалыптастыруды көздейді

Өз брендін қалыптастыруды көздейді

Бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған жастар қатары көп. Біз Ерболат пен Арайлым құрған отбасылық бизнес сапа мен сенімге иек артқанын түсіндік. Олар бұл қағида кәсіпкерлікті дамытатын басты құндылық екенін жақсы біледі.
Дүкенге кіргеннен ерекшелікті байқамау мүмкін емес. Заттардың бір-бірімен үйлесімді орналасуы, ішінің жарық әрі мұнтаздай тазалығы, келу­шілерге арналған орын, балаларға арнайы қойылған тәттілер кірген адамды бірден баурайды. Ал дүкен иесі Арайлым Убәйдуллақызының әрбір тұтынушыға  ерекше ілтипатпен қызмет көрсетуі ішкі мәдениетінің де жоғарылылығын көрсетеді.
– Кәсіпті бастағанымызға көп болған жоқ. Алдымен инстаграмм желісі арқылы «baby_boom_nuri» интернет дүкенін аштық. Тауарды тікелей Түркия мемлекетінің брендті дүкендерінен алдырамыз және Қазақстанның кез-келген аумағына пошта арқылы жеткізу бар. Кейін осы кәсіп аясын кеңейтуді көздедік. Солай неге өз ауданымыздан кәсіп ашпасқа деген ойлар келді. Жолдасым Ерболат әрдайым қолдаушым. Екеуміздің ортақ мақсатымыз сапалы тауарды қолжетімді бағада халыққа жеткізу, – деді ол. 
Бизнес, қаржы, экономикалық біліктілік кез-келген адамға қажет. Тіпті онсыз ісіңнің алға басып, тірлігіңнің дөңгелеп кетуі екіталай. Мұны орыс ғалымдары маркетинг бизнестің тұздығы дейді. Пандемиялық уақыт маркетингтің маңызын асырмаса, түсірген жоқ. Әсіресе интернет дүкендерінің уақыт көшімен ілесе алғаны қуантты. Негізі, азын-аулақ тиынның басын құрастыруға қабілеті жетпеген жанның бизнесті дөңгелетіп алып кетуі екіталай. Біз осы тұрғыда Арайлымның жолдасы Ерболат Ерланұлына «Бизнесті бастау үшін ең алдымен не қажет?» деген сауал қойдық.
– Ең алдымен кәсіп бастаушының ерік-жігеріне байланысты дер едім. Әсіресе күнделікті әдетінен, не жайлы жұмыс орнынан кетіп жаңа бизнес бастау үлкен тәуекелдікті қажет етеді. Кәсіпкерлік жинаған қаражатыңды салу арқылы ғажайыпты күту емес. Ол ұдайы даму мен өсуді қажет етеді. Әрине, біршама қиындықтар болатыны рас. Бірақ бизнес өмір сүру салтыңа, көзқарасыңның түбегейлі өзгеруіне алып келеді. Яғни заман талабына сай бейімделесің, – деді ол.
Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университенін экономист мамандығы бойынша бітірген Ерболат алғаш жұмыс орнын Алматы қаласында бастапты. Жалақысы да жақсы болғанымен көкейде туған жерге қызмет етіп, өз кәсібімді бастасам деген ниеті болады. Осы мақсаты дүкендер желісін ашуға итермелейді.
Мақаламызға тұздық ретінде әлемге әйгілі киноактер Брюс Лидің: «Мен соққы жасаудың он мың тәсілін меңгерген адамнан емес, бір тәсілді он мың рет қайталаған адамнан қаймығамын» дегенін көзім шалды.
Иә, кәсіпке де ең басты керек қасиет табандылық. Табандылық табыстың кілті десек, кез-келген кәсіпті бастау үшін де алдымен қаржы қажет дейміз. Үлкен кәсіп бастау үлкен тәуекелдікті қажет етеді. Бизнесте ең бастысы – ешқашан берілмеу керек. Кәсіптің сәтті болуы оның орналасқан жеріне байланысты екені анық.
Ал бұл шаңырақтың бастаған кәсібі орталықта екенін ескерсек, істерінің ілгері басары анық. Онда балалар киімімен қоса, сүлгі, төсек жапқыш, сөмке сынды түрлі заттарды сапалы әрі қолжетімді бағада халыққа ұсынуда.
                                         
Айкерім МӘДИҚЫЗЫ
14 тамыз 2021 ж. 672 0