№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық жоба ел денсаулығына бағытталды

Ұлттық жоба ел денсаулығына бағытталды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында «Саламатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы жүзеге асырылады.


Бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға байланысты. Екінші бағыт эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған. Үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал етеді. Төртінші бағыт саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру үшін халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін арттыру көзделген. Ауылдық елді мекендер, оның ішінде тірек және спутниктік ауылдар бас­тапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен 100% қамтамасыз еті­леді. Кем дегенде 40 денсаулық сақтау нысанын және 2 ғылыми орталықты жаңғырту жоспарланған. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі шең­берінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту қарастырылған», – деді денсаулық сақтау министрі.
Ведомство басшысының айтуынша, Ұлттық жоба аясында жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау үшін бірнеше шара қарастырылған. Біріншіден, жүкті әйелдерді босанғанға дейінгі бақылаумен қамту көзделген. Екіншіден, 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қам­та­масыз ету қарастырылған. Үшіншіден, 8 өңірде балаларды оңалтуға арналған 8 орталық және 2 ерте араласу орталығын қосымша ашу жоспарланған. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды 3 есе – 18-ден 60%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Халыққа сапалы қызмет көрсету көбінесе біліктілікке және қажетті мамандардың болуына байланысты. Сондықтан ұлттық жобаның бірін­ші бағыты аясында аса тапшы маман­дықтар бойынша резидентуралық бі­лім беру гранттарының саны 3 800-ге дейін, сондай-ақ әлемнің жетекші орталықтарында қарқынды терапияның халықаралық стандарттары бойынша оқытылған дәрігерлер саны көбейтіледі.
Сонымен қатар министр Ұлттық жобаның екінші бағытында биоқауіпсіздік және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін санитарлық-эпидемиялық са­рап­тама зертханаларының үлесін үш­тен бірге, яғни 90%-ға дейін арттыру жоспарланғанын атап өтті. Бұл ретте Парламент Мәжілісінің қарауына ен­гізілген «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң қабылданады.
«Ұлтық жобаның үшінші бағы­тында Мемлекет басшысының би­ылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмалары ескерілген. Қолданыстағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ішінде отандық өндірістің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу арқылы алынатын медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектің 50%-ын отандық өндірістен қамту көзделген. Халықаралық стан­дарттарға сәйкес аккредиттелген зерт­ханалар мен орталықтардың үлесі 100%-ға жеткізіледі. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша кемінде 30 жаңа өндірісті іске қосу жоспарланған», деді А.Цой.
Ал Ұлттық жобаның төртінші бағы­тын іске асыру арқылы темекі шегу көрсеткіші 19%-ға төмендейді, сондай-ақ азаматтардың 45%-ы сала­матты өмір салтын ұстанып, 50%-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады деген үміт бар. Бұл үшін халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етуді мың адамға шаққанда 53%-ға дейін арттыру көзделген. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға да жағдай жасалады.

egemen.kz

19 қазан 2021 ж. 360 0