№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Дипломмен ауылға» бағдарламасының іске асырылуы бойынша ақпарат

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының іске асырылуы бойынша ақпарат


«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы №72 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның басты мақсаты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету болып табылады.

Аталған мамандықтар тізіміне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығына сәйкесауылдық округ және кент әкімі аппаратында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілер енді.
Әлеуметтік қолдау шаралары 100 айлық есептік көрсеткішке тең (АЕК) бір реттік көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК-тен аспайтын сомаға тұрғын үй сатып алу үшін 15 жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшерлемемен  бюжеттік несие беру арқылы көрсетіледі.
Осыған байланысты 2021 жылға тұрғын үй сатып алу мақсатында                82 маманға 358 791,0 мың теңге қаражат бөлінген болатын. 2021 жылдың тамыз айының қорытындысымен 82 маманға бюджеттік несиемен  тұрғын үй сатып алуға 356 495,5  мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.
Оның ішінде: білім беру саласы бойынша 45 маманға, денсаулық сақтау саласында 25 маманға, мәдениет саласында 2 маманға, спорт саласында  9 маманға, агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маманға тұрғын үй сатып алу үшін несие берілді. Сонымен қатар ағымдағы жылы 73 маманға 21,2 мың.тг көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланып отыр.
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында мамандардан құжаттар «Халыққа қызмет көртесу орталығы» арқылы және биылғы жылдан бастап электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталықабылдануда.
07 қазан 2021 ж. 318 0