Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Жер қатынастары саласы бойынша барлығы 10 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның қазіргі таңда 7-электронды; 1-қағаз, 2-қағаз және электронды түрде көрсетіледі.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бөліммен барлығы
2520 қызмет көрсетіліп, оның - 2189 қанағаттандырылып, 331 қызмет алушыға заң талаптарына сәйкес тиісті жауап берілген. Оның ішінде: электронды – 1639, қағаз түрінде – 881 көрсетілген.
Жалпы 2020 жылмен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 2021 жылы 48 пайызға артқан. Осыған орай, қағаз түрінде қызмет көрсету 88,9 пайызға қысқартылған.
Яғни, жер учаскелерін бекіту кезеңіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар, жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығына сәйкес біршама өзгерістер енгізілді. Қағидада қызметті берушінің атауы, қызмет көрсету мерзімі, нысаны, нәтижесі, тәсілдері нақты көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органмен және жер қатынастары бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жеке тоқталып өтсек:
№. Атауы / қосымшасы бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі және нысаны.
Қызмет көрсету бизнес-процессіндегі заңдар
1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту (3) 4 жұмыс күні www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы «Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығы
2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (4) 13 жұмыс күні Портал/электронды «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезіндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5
қарашадағы № 67 бұйрығы.
ҚР Жер кодексінің 49-1 бабы
3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру (5) 10 жұмыс күні Портал/электронды ҚР Жер кодексінің 71 бабы
4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (10) 1 кезең - 12 жұмыс күні
2 кезең – 3 жұмыс күні Портал/электронды
ҚР Жер кодексінің 43 бабы
5. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру (8) Күнтізбелік 30 күн Портал/электронды ҚР Жер кодексінің 98 бабы
6. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру (13) 5 жұмыс күні Портал/іске қосылмады
7. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау (12) Күнтізбелік 15 күн Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі/ қағаз түрінде
8. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату (14) 5 жұмыс күні Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі/ қағаз түрінде
Портал/іске қосылмады
9. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (15) 12 жұмыс күні Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі/ қағаз түрінде
Портал/іске қосылмады «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығы
10. Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру 1 кезең - 28 жұмыс күні
2 кезең – 18 жұмыс күні Портал/іске қосылмады «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығы
Сонымен қатар, «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2021 № 15 бұйрығымен өзгерістер енгізіліп, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін азаматтар «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес кент және ауылдық округ әкімдерігне өтініш беріп, қызметті көрсету жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі арқылы жүргізілетін болды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының
14-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға табысталған жер учаскелерінің тізімдері халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендерде және ауданның интернет-ресурсында ай сайын жариялануда.
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аудан әкімдігінің ресми сайтында, Бөлімнің арнайы стендтерінде орналастырылған.
Бөлім басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі және сенім телефоны бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланған және тұрақты жұмыс жасалуда.
Сонымен қатар бөлімде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»орнатылып, тұлғаларға көмек көрсетілуде.