ЖОЛДАУ 2021: ЖЕР САЛАСЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ҚОЛДАНЫСЫ КЕҢЕЙТІЛДІ
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жер кодексі бойынша шетелдік тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерінің берілмейтіні айтылған болатын. Сондай-ақ, тұрғындардың қосалқы шаруашылығындағы мал басын жайылыммен қамтамасыз ету және жем-шөп дайындауға керекті жерлер көлемін ұлғайтуға басымдық беруді тапсырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Медет Усаин биылғы жылы орын алған қуаншылыққа байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
"Биылғы қуаңшылық Арал ауданын айналып өтпеді. Ел Президенті белгілеген бағыттағы мақсаттарға жету үшін қала және аудан әкімдері уәкілетті органдармен бірлесе отырып, бірнеше бағытта шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ, орталық уәкілетті органдармен әзірленетін «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заң жобасына әзірленді. Аталған жоба аумағымыздың жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті ұсыныстар берілетін болады. Сондай-ақ, елді мекендер маңындағы жайылымдар мен шабындықтардың сапалық жағдайы сарапталып, оларды суландыру және қалпына келтіру өз кезеңімен ұйымдастырылмақ. Бұл ретте, әр ауылдағы жайылымдарды жақсартудың жолдары қарастырылды. Соңғы жылдары су тапшылығына байланысты жарамсыз шабындықтарды суландыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Осы орайда, пайдаланылмай отырған жайылымдарды анықтау мен ол учаскелерді мемлекет меншігіне қайтарып алу жұмыстары жалғасын табады", -деді Медет Усаин.
Мемлекет басшысының Халқына Жолдауында жер саласындағы ашықтық пен жер кадастрлық ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету керектігін мәлімдеген болатын. Жүктелген міндет бойынша жер қоры және жылжымайтын мүлік нысандары туралы деректердің бірыңғай ұлттық базасын құру тапсырылды.
"Бүгінгі күні ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, жер қатынастары саласын цифрландыру мәселесі бойынша Үкіметпен арнайы заң жобасы әзірленуде. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы «Qoldau.kz» сайтында әр шаруашылықтың жер көлемі мен мал басы саны туралы ақпараттар қоры жинақталған. Онда жайылым алқаптарын пайдаланбай отырған шаруашылық атауы мен жайылым жүктемесінің сақталуы туралы ақпараттар жергілікті әкімдік пен уәкілетті органға ұсынылуда. Ұсынылған учаске саны - 1848 құрады. Әрі қарай, шаруашылықтарға ескертулер беріліп, нәтиже болмаған жағдайда учаскесі қайтарылып алынады. Бұған қоса пайдаланбаған учаскіге салық нормасын 10 еселенген көлемде төлеу міндеттеледі",- деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Медет Усаин.
Облыста өңірлік геоақпараттық жүйесін құру бағытында 2021-2022 жылдарға арналған іргелес елді-мекендер мен ауылдық округтердің жер учаскелеріне түгендеу жұмыстары жалғасын табуда. Түгендеужұмыстарыбарысындабірқатармәселелерқамтылатынболады.