ЕКПЕ АЛЫП, АЙНАЛАҢА ҚАУІПСІЗ БОЛ!
Бүгінгі күні аймағымыз коронавирус індетін жұқтыру матрицасы бойынша "Сары" аймақтағы орнын сақтауда. Өңіріміздегі кейбір емдеу мекемелері қалыпты жұмыс кестесіне көшіп, жоспарлы науқастарға ем көрсетуді бастап кетті. Дегенмен қауіпті кеселдің тырнағына ілігіп, ем алып жатқандар әлі де бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцииясында облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі Ляззат Айтбаева тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және вакцина алуға шақырды.
«Науқастардың негізгі бөлігі модульдық ауруханаға жеткізіп жатыр. Бұл әлі де болса қауіптің сейілмегенін аңғартады. Қазір негізгі жауапкершілік медицина саласының мамандарына жүктеліп отырғаны рас. Дәрігерлер мен орта және кіші буын қызметкерлері міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бүл ретте ақ халаттыларға мемлекет тарапынан қолдаудың да зор екенін айта кеткен дұрыс. Коронавирус індетін жеңудің жалғыз жолы - вакцина салдыру болып отыр. Мамандар күнделікті халықты екпе салдыруға шақырып, үгіт- насихат жұмыстарына көңіл бөлуде. Нәтижесі бар деп ойлаймын. Мен де екпе алғандардың бірімін. Жұмыс барысымен көптеген адамдармен кездесіп, араласамыз. Сол себепті өзімізді қорғап, айналама қауіпсіз болу мен үшін өте маңызды. Осы орайда барлық жерлестерімді вакцина салдыруға шақырғым келеді. Әр адам өз денсаулығына жауапты», - деді ол.