№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ӘР АЗАМАТ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУЫ ТИІС

ӘР АЗАМАТ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУЫ ТИІС



Бүгінгі күні аймағымызда санитарлық - эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып келеді. Дегенмен, күн сайын халық арасында коронавирус індетін жұқтырғандар анықталып, мамандар бақылауына алынуда. Бұл дегеніміз, сақтық шараларына селсоқ қарауға болмайтынын аңғартады. Әлде де карантиндік талаптарға бағынып, әр азамат денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі Маржан Жұмабаева.
Оның айтуынша, облыстық психикалық денсаулық орталығына қарасты "Сейхун" провизорлық стационарында еңбек еткен тұста, ем алушылардың ауа жетіспегеннен қиналғанын көзімізбен көріп, қажетті медициналық көмек көрсеттік. Бұл біздің қоғам алдындағы міндетіміз деп есептеймін. Мен алғашқылардың бірі болып екпе салдырған болатынмын. Бүгінде денсаулығымда ешқандай кінәрат жоқ. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, әлеуметтік сала қызметкерлерінің арасында сырқатты жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Ендігі мақсат, көзделген межеге жетіп, дертті ел болып жеңу.
22 қыркүйек 2021 ж. 344 0