№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамның қолдауы қажет

Қоғамның қолдауы қажет


Президент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың биылғы халыққа дәстүрлі Жол­дауында маған ерекше тартымды тұстары мына төмендегідей болды:
1. Мемлекеттік тілді бар қазақ­стандықтар білуге тиісті және оқып үйренуі керектігін, сонымен қатар ең ұзақ шекаралас көршіміз орыс тілін білгеніміз артық етпейтіндігін айтты.
2. Ауылдық жерлердегі жеке қо­салқы шаруашылықтардың малына жайлымдық жер берілуін қайтадан пысықтауды үкіметке тапсырды.
3. Ауылшаруашылығына беріліп жатқан субсидиялардың талан-та­раж­ға түсіп жатуына назар аудар­ғаны да халықтың көңілінен шықты.
4. Ең төменгі жалақының мөл­шерін 60 мың теңгеге жоғарылатуы еліміз бойынша 1 млн адамның әл-ауқатына әсер етпек, сондай-ақ мәдениет, кітапханашы, музейші, қорықшылар, тех қызметкерлер мен жүргізушілердің жалақыларын 2025 жылға дейін, жыл сайын 20 пайыздан өсіруінің де ықпалы 600 мың адамға әсер етеді екен. Бұл дегеніміз халықтың өмір сапасының көтерілуіне едәуір септігін тигізері анық.
Қорыта айтқанда, жан-жағы­мыз­дан да, ішімізден де тосын жағдайлардың болып жатқанына қарамастан халық үшін батыл ше­шімдер қабылданғаны қуантарлық жәйттар деп түсінеміз.
Енді осы айтылған тапсыр­малардың нәтижесін асыға күтіп, қоғам болып қолдаймыз.

Ақылбек Жәнібеков,
“Халықаралық медиация орталығы” РҚБ-нің аудан бойынша кәсіби медиаторы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы
15 қыркүйек 2021 ж. 179 0