№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Соттың ішкі жұмыс жоспарын орындау

Соттың ішкі жұмыс жоспарын орындау

     Аудандық соттың мемлекеттік тілді дамытуға арналған ішкі жұмыс жоспарына сәйкес,  «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді.
     Семинардың негізгі мақсаты, мемлекеттік тілді қолдану ауқымын кеңесту және құжаттарды дайындауда әдістемелік көмегін көрсету болып табылады.
     Іс шараға кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А. Оразбаева және сот мамандары қатысты.  
     Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Оразбаева өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте-деп қазақ атамыз тегін айтпағанын атап өтті. Тіл ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Әр халықтың ана тілі-оның жаны. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту де зор мақсат. Бұған еліміздің тиісті сала басшылары,  тілші-ғалымдар мен тіл жанашырлары әрдайым назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отыруы келелі іс. Әлбетте, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің  тұғырын биіктете түсеріміз анық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып  табылатын қазақ тілінің  одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деп айтты.
    Сонымен бірге, кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Оразбаева, әр мемлекеттің өз тілі, мемлекеттің негізгі символы, мемлекеттік қазақ тіл – мемлекеттің мәртебесі, сондықтан мемлкеттік органдар мемлекеттік тілді білуі, сонымен қатар мемлекеттік тілді сақтап, оның дамуына үлес қосуы қажет екендігін қосты.
       Семинар сабағының соңында қатысушылар мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін пікір алмасты.  
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
17 маусым 2019 ж. 657 0