Мектеп мұғалімдері оқулықтарды өздері таңдай алады
19 ТАМЫЗ - Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге қандай оқулықтар бойынша сабақ беруді таңдауға мүмкіндік беретін норма әзірлейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жыл сайынғы тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Біз педагогтардың өздеріне, олардың пікірінше, ең тиімді болып табылатын оқулықтарды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету өте маңызды деп санаймыз", - деді БҒМ басшысы. Ол бүгінгі таңда Қазақстанда гимназиялар, лицейлер, жалпы білім беретін мектептер үшін олардың бейінін есепке алмай бірыңғай оқулықтар қолданылатынын атап өтті. Жаңа норма мектептер мен педагогтардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқулықтарға тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Бұл жаңалық барлық мектептер үшін бірыңғай болып қалатын Қазақстан тарихы мен Дүниежүзілік тарих жөніндегі оқулықтарға таралмайды, деп нақтылады министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа оқу жылы Қазақстанда дәстүрлі форматта басталады.