Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылорда облысында бюджет қаражаты көп игерілмей қалған

Қызылорда облысында бюджет қаражаты көп игерілмей қалған


Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. 58 млрд теңге атқарылмаған. Ағымдағы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша оларға 1 трлн 160 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілді. Атқарылмаған – 21 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені – 18 млрд теңге», – деді Е. Жамаубаев.Ең көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қалыптасты.
13 тамыз 2021 ж. 741 0