№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға көбейетін болды

4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға көбейетін болды


Мемлекеттік бағдарлама жобасында жыл сайын 4 жыл ішінде педагогтердің еңбекақысы 100%-ға ұлғайтылып, қайта даярлау, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі енгізіледі.

Бұл туралы 19 желтоқсан күні ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп жазады
stan.kz.
Министрдің айтуынша, балабақшалар, мектеп, қосымша білім және колледж педагогтерін, басшыларын аттестаттаудан өткізіп, жалақысын арттыру, педагогтердің еңбегін нормалау жүйесін енгізу, жоғары оқу орындарын бітірушілерді сертификаттау және оқу бағдарламаларын 100 пайызға жаңарту қарастырылған.
"Алдағы уақытта жыл сайынғы туу көрсеткіштерінің өсуін ескере отырып, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшалармен мемлекеттік тапсырыс құнын 18 мыңнан 30 мыңға өсіру арқылы 100 пайыз қамту қарастырылған. Сондай-ақ, сапаны арттыру мақсатында лицензиялауды кезеңдеп қайтару және балаларды мектепке даярлауды жақсарту үшін тиісті бағдарламалар енгізу көзделген", - деді Аймағамбетов.
Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету бойынша арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау мәселелерін шешу, балалар мен жастарға байланысты дереккөздерді бірегейлендіру мақсатында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар жүйесінің деректер базасын біріктіру, тамақтану нормалары мен рационын қайта қарау, асханаларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңмен көшу, ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін мемлекеттік тапсырысты жан басына қаржыландыру, кибермәдениет, кибергигиена қалыптастыру, буллинг, суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізу жоспарлануда.
19 желтоқсан 2019 ж. 653 0