№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандықтарға енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жаңаша төленеді

Қазақстандықтарға енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жаңаша төленеді


Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді жаңа түрде алады.

Ол үшін әлеуметтік әмиян жасалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Әлеуметтік әмиян осы жылдың аяғында енгізіледі.
Әлеуметтік әмиян. Сауда және интеграция министрлігі баяндаған жаңа жобаның пилоттық нұсқасы желтоқсанда іске қосылады. Ал келер жылдан бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде кезең-кезеңімен аудару жоспарлануда. Сондай-ақ министрлік жоба аясында Ұлттық банктің электронды ақшасы арнайы әмияндарға жіберілетінін хабарлады. Бұл әмиянның өзі қазақстандықтың ЖСН базасында құрылады. Ол шоттағы қаражат банктер, коллекторлар, салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалады. Электронды ақшаны алушыға әлеуметтік кабинет әзірленеді. Оған қашықтықтан тіркелуге мүмкіндік беріледі. Бірақ азаматтарда таңдау мүмкіндігі сақталатынын ескеру керек. Мемлекеттік көмекті әмиянға электрондық ақшамен ала ма, әлде банк картасымен алама өз еркі.
04 тамыз 2021 ж. 296 0