№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тамара Асар тұрмысқа шықты

Тамара Асар тұрмысқа шықты


"Кәсіпкер азамат": Тамара Асар алғаш рет жұбайы жайлы айтты. Жақында ғана тұрмысқа шыққаны белгілі болған әнші Тамара Асар желідегі парақшасында жұбайы жайлы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ең алдымен өнер иесі тұрмысқа шыққанын не себепті бірден жарияламағанын түсіндірді.

"Адамның бақыты өз жүрегінде, ой-сезімінде. Отбасы, ошаққасында. Ауылдағы анамыз біз үйленген кезде, "Бақыттарыңды өз бойларыңа әбден сіңдіріп алып, кештеу жариялаңдар" - деді. Сосын хабарлауды кейінге қалдырғанбыз", - дейді әнші. Сонымен бірге ол өмірлік серігі жайлы да айтып өтті. "Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өмір көрген, мені көзбен бағындырып, іспен сағындыратын, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей: "Мендей келіншек, дәл осы азаматтың шайын қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым. Шүкір. Осыған дейінгі "Шоңқайма етік" жайында инста парақшамдағы жазбамды оқысаңыз, түсінесіз", - дейді өнер иесі.
Сондай-ақ, Тамара Асар қуанышты жаңалықты естіп, ақ тілегін жаудырып, жарыса құттықтап жатқан жандарға алғысын жеткізді. "Құрметті оқырмандар, достар, әріптестер, туыстар жаудырған жақсы тілектеріңізге рахмет!!!Базарлы бақыт тілейміз сіздерге!", - дейді әнші. Айта кетсек, Тамара Асардың тұрмысқа шыққанын өнердегі құрбысы әнші Айгүл Елшібаева хабарлаған еді
15 шілде 2021 ж. 451 0