№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медеттің міндеті – ел тыныштығын күзету

Медеттің міндеті – ел тыныштығын күзету

Аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Медет Пернебековті жаңақорғандықтар жақсы таниды. Қызметінен бөлек қарапайымдылығымен көптің ризалығын алған бірден-бір білікті маман. Медет Әбдірахманұлына басшылық та оңды пікірде. Кәсіби мереке қарсаңында оның жұмысын бағалап, жұртшылықпен таныстыруды жөн көрдік.

Біз бұған дейін де Медетпен рейдтік шараларға шығып, учаскесі бойынша тыныштық сақтау бойынша атқарылатын жұмыстарымен танысқан болатынбыз. Азаматтың есімін елге танытып, басын төрге оздыратын кәсібиліктен де бұрын тұлғалық болмысы, адами қадір-қасиеті. Көңіл сарайы кең, білім-білігі салмақты, міндетіне жауапты, жоғары санатты маман қай саланың болмасын бағын аша алатыны ақиқат. Мұндай қасиет құқық қорғау саласы қызметкерлерінің бойынан табылуы тиіс, өйткені қоғам тыныштығын қоритын осы саланың мамандары. Міне, Медет Пернебеков осынау жауапты жүкті көтеріп жүрген қызметкердің бірі.
– Біздің сала ауыр да, қызық, әрі жауапкершілігі мол мамандық. Қоғамда түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Әсіресе, ұрлық, бұзақылық, маскүнемдік пен жастардың жүгенсіздігі, осы жағдайларға дайын болып, табанынан тік тұрып жұмыс жасау полиция қызметкерлерінің міндеті. Медет Әбдірахманұлы қызметтегі біліктілігі және білімділігімен көпке үлгі бола алады. Сондықтан осы абырой биігінде жүрген қызметкерлерді төл мерекемен құттықтаймыз, – деді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Шыңғыс Пазылов.
Жалпы Медет бала кезінен полиция боламын деп алдына мақсат қойған екен. Ол бұл жөнінде:
– Бала кезде арман көп еді ғой, есейе келе осы саланы таңдауды мақсат тұттым. Оған басты себеп Көркембай Каюпов деген ағам болды. Сол кісіге қарап осы салаға бет бұрғанымыз рас. Ол кісінің жүріс-тұрысынан, қызмет жолынан ғибрат алып, ізінен еріп, осы мамандыққа келдім. 16 жылға жуықтады, қызметіме сын келген емес. Басшылықтың елеп-ескеріп жатқанына алғыс айтамын, мен үшін қызмет қашанда бірінші орында тұрады. Өйткені қоғам тыныштығына біз жауап береміз, – деді ол.
Алматы қаласындағы Қазақ Академиялық Заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын мемлекеттік күзет басқармасынан бастайды. Жедел
уәкіл, одан кейін аудандық полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, ақпараттық аналитикалық орталықта еңбек етеді. Қазір аға учаскелік полиция инспекторы қызметінде.
Бүгінгі қоғамда құқық бұзушылық, басқа да заңсыз әрекеттер, әсіресе, маскүнемдік пен көлік басқаруда тәртіп бұзатындар көп. Әр күні осындай арпалыста өтетін Медет Пернебеков:
– Қоғамда түрлі тәртіп бұзатындар көп, жиі кездесетін жағдайлардың қатарында көлік басқару мен бірге жастардың іс-әрекеті де жетерлік. Заң құрметтелген қоғамда қылмыстың жолы кесіледі. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Бұл бағытта мектеп инспекторлары ата-аналармен тығыз байланыс жүргізуі тиіс. Соңғы кездері әлеуметтің көңілінде полицияға деген сенім әлсіреп кеткенін жасыруға болмайды. Бірақ бәрібір кім болсын әділетсіздікке душар болғанда, ар-намысы, жеке басына зауал туғанда сол полицияны қорған тұтып, содан таяныш іздері рас. Біздің міндетіміз – көптің көңілінен шығып, сеніміне ие болу, – дейді ол ағынан жарыла.
Отбасында үш перзент тәрбиелеп отырған білікті қызметкерді, жалпы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін 23 маусым – Қазақстан полициясының күнімен құттықтап қоюға болады. Ең бастысы, елдің тыныштығы жолында атқарып жатқан қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер демекпіз.
Әлібек ТЕМІРБЕК
22 маусым 2021 ж. 986 0