№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсат айқын, мүдде бір

Мақсат айқын, мүдде бір

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жедел кеңесте аудандық құқық қорғау саласының 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстың есебі қаралды.Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Бектөре Жеңісұлының қатысуымен өткен жиында күн тәртібінде тұрған келелі істер мен атқарылатын ауқымды жұмыстар сөз болды.
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың төра­ғалығымен өткен алқалы басқосуға аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар  бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
– Заң шығарушы, атқарушы және ішкі істер органдарының бүкіл қызметі адам өмірі мен оның бостандығын қорғауға жауапты. Осы орайда полиция қызметкерлерінің басты міндеті халық сенімінен шығып, олардың құқығы мен бостандығын қорғау болып табылады.Нәтижесінде тұрғындар тарапынан сіздер өз қызметтеріңізді бағалаудың негізгі өлшеміне ие боласыздар. Ал ең бастысы адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда екенін ұмытпау, – деді әкім алғысөзінде.
Одан әрі аудандық полиция бөлімінің басшылығы және учаскелік инспекторларының өткен жылдың 12 айында атқарылған  жұмыстарының есебі тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғаш болып аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев сөз алды.
– Өткен жылы аудандық полиция бөлімінде 189 қылмыстық іс тіркелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 306 қылмысқа, яғни 38,2 пайызға төмендеген. Ал бөтеннің мүлікін ұрлау 197-ден 99-ға төмендеген. Оның 41-і өндіріспен аяқталса, 52-нің мерзімі үзілген. Мал ұрлығы 61-ден 59-ға, яғни 3,3 пайызға азайған. Тіркелген 59 мал ұрлығының 54-і елдімекенде, 5 дерегі кент орталығында орын алған. Оның 45-і жайылымнан жоғалса, 14-і қорадан қолды болған. Аталған мал ұрлығының осы күні 27-сі ашылса, 32 ашылмаған күйінде қалып отыр. Алайда 23 мал ұрлығына қатысы бар 5 адамнан құрылған топ құрықталып, 2-іне аудандық сот  үкімімен жаза тағайындалса, қалған 3-уі қамауға алынған. Сонымен қатар ұялы телефон, адам зорлау, кісі өлтіру және алаяқтық қылмысы бойынша да істер тіркеліп, барынша шешілу жолдары қаралуда, – дей келе, Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың алдын алуда аянбай жұмыс жасап жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ аймақ бойынша учаскелік полиция инспекторлары Сейілбек Асылбаев пен Медет Пернебеков те 2020 жылы атқарылған іс бойынша өз хабарламаларын оқыды.
Жиын барысында кент тұрғыны Мағжан Орынбасарұлы тарапынан қойылған: «Көлік құралын белгіленген жүру жылдамдығынан асыра пайдалану көптеп байқалуда. Салдарынан абайсызда жасалған көліктік қылмыстардың орын алғанын да көз көріп жүр. Осының алдын алуда «Сергек» бейнекамерасын орнатуға қандай жұмыстар атқарылуда?» деген сауалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Асанұлына тікелей жолданды.
– Бұл сұрақ жөнінде аудан тұрғындары тарапынан ұсыныс-пікірлер көптеп түсуде. Аудан әкімі Руслан Рүстемұлына біздер бұл жайында айтқан болатынбыз. Алайда аудан бюджеті камера бағасын көтермегендіктен, облысқа жолданды. Қазіргі таңда қаралу үстінде. Негізі камералар тек жолдағы құқық бұзушылықты анықтамайды. Оның көптеген функциялары бар. Сонысымен құнды. «Сергек» бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікке жауап беретінін ұмытпау керек. Себебі жасанды сана жол бойы мен көше қиылыстарынан бөлек мектептердің жанында, сауда орталықтарының маңы мен халық көп жиналатын өзге де орындарда орнатылады.Нәтижесінде орын алған барлық айыппұл мемлекеттік бюджетке түседі. Алайда халық бұл жүйені айыппұл төлету үшін емес, жол көлік оқиғаларының санын азайту үшін орнатуға мұқ­таж екенімізді түсінсе, – деп жауап қайтарды.
Бұл ұсынысты қуаттай түскен аудан әкімі Руслан Рүстемұлы:«Осы мәселеге келгенде Жаңақорған ауданы облыс бойынша демография жағынан болсын, экономикалық тұрақтылық жағынан болсын әбден лайықты» – деп облыстық полиция департаментінің басшысы Бектөре Жеңісұлына өз ұсынысын білдірді.
Жиын соңында ауданымыздың бас имамы Әбдіқалық Наметов аудандық полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
– Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ауданымыз­дағы мешіттерге ұры түскені баршамызға мәлім. Алла үйіне қол салғандардың ізін суытпай дер кезінде ұстап, қылмыскерлерді анықтағаны үшін аудан полицейлеріне ризамыз. Қиындығы мен қоса жауапкершілік жүгі ауыр қызметтің қаупі де аз емес, – десе, ардагер ұстаз Зинабдин Шермағанбетов күндіз-түні қоғам тыныштығын күзетуде қауіп-қатермен бетпе-бет келіп ел тыныштығын күзетіп жүрген полицейлерге ақ батасын берді. Сенімге селкеу салмайтын сақшылардың қатары көп болса деген тілегін де бүгіп қалмады.
Лаура БИБАСАРОВА
28 наурыз 2021 ж. 686 0