№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пресс-тур: ҚАУЫҚТАҒЫ ҚУАНЫШ

Пресс-тур: ҚАУЫҚТАҒЫ ҚУАНЫШ

Бүгін тарихи оқиғаның куәсі болдық. Жаңақорған ауданының Кейден ауылдық округіне қарасты Кауық деген елді мекен бар. Онда 7 шаңырақ астында 34 адам мекен етеді. Осы қонысқа аудан әкімі Руслан Рүстемовтің бастамасымен ауыз су жеткізіледі.


Бір кездері Бірлік совхозының 4 фермасы ретінде сүтті сиыр ұстаған ауылда 50-ге тарта үй болыпты. Бірақ қайтақұру кезінде ауыл тоқырап, елеусіз, ескерусіз қалған-ды. Руслан Рүстемұлы Рүстемов осы олқылықтың орнын толтырады.  

 – 2015 жылы алғаш рет Кауыққа келдім. Ауыл тұрғыны Гүлнар өзінің өкпе-ренжісін білдіріп: – Әкімдер келеді, кетеді. Осы жерде қалатын біз. Қиналатын біз. Сіздерге бір көріп кеткен ғана парыз шығар. Мына суымыз жарамсыз. Құдықтан ішіп отырмыз. Оны әкім іші ме? – деді.
Мен: – Неге мен ішпеймін, сізден артық емеспін. Кәне, жүріңіз, шәйді бірге ішейік, – дедім. Гүлдана таңдана қарап қалды да.
Арада бір жылға жуық уақыт өтті. Қамсыз Қауыққа қуат қосылды. Аққұм ауылына қатынап оқитын оқушыларға арнайы «УАЗ» автокөлігі бөлінді. Су тасымалы үшін көлік берілді, – деп еске алды әкім.

Әкімнің ұсынысын "СКЗ-U" ЖШС қолдауының нәтижесінде екі аптада елді мекенге ауыз келеді.

– Бұл қонысқа демеушілердің қолдауымен ауыз су келеді. Себебі "елді мекен" деген статусы жоқ. Біз бірнеше тұрғыны бар ауыл үшінде жауаптымыз, дейді аудан басшысы.

Қауықтықтардың қуанышында шек жоқ. Олар бұл күнді тарихи күнге балап отыр.

— Біз Руслан Рүстемұлы әкім болып келгенше ұмыт қалған ел едік. Жол, тасымалды дереу шешті. Былтыр екінші мәрте ауданға әкім болғанда қуандаған қауықтықтар жоқ шығар. Міне,  сол қуаныштың кәделі сыбағасы- ауыз су келетін болды. Ел егінге бет бұрды. 10 гектарға жуық бау-бақша өсіріп, жылдан- жылға көлемі өсіп келеді. Мұның бәрі осындай қамқорлықтың сыйы. Енді елге ел қосылатыны анық, – деді ауыл тұрғыны.
10 маусым 2021 ж. 776 0