Азаматтық бастамалар форумы: міндеті мен маңызы
Нұр-Сұлтан мен Мәскеу қалаларында Азаматтық бастамалар форумына ауқымды дайындық басталды. Форум 2021 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында басталып, азаматтық қоғам арасындағы байланысты бекіту және дамыту саласында жұмыс істейтін Қазақстан мен Ресейдің қоғамшылдарын өз алаңында жинайды.
Қазақстандық және ресейлік ұйымдастырушылар форумға дайындықты бастап кетті: 2021 жылдың 30 сәуірінде Мәскеуде Ресей халқы үйі алаңында «Достық стратегиясы: Ресей мен Қазақстанның азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасының келешегі» атты бейнеконференция форматында сараптау талқысы өтті.
Сараптау талқысын ашқан «Север-Юг» саясаттану орталығының директоры Анжелика Трапезникова 2021 жылдың сәуірінде Ресейдің бірқатар қалаларында Ресей мен Қазақстанның коммерциялық емес сектор өкілдері екі елдің азаматтық қоғамының өзара қарым-қатынасына арналған бірқатар іс-шаралар өткізгенін айтты.
– Іс-шаралар арасынан волонтерлік, этномәдени ағарту, жастар арасында ксенофобияның алдын алу саласындағы үздік жобалар таңдап алынды. Бұл іс-шаралардың барлығы да биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Ресей-Қазақстан азаматтық бастамалар форумы алаңында көрсетілетін болады. Сараптау отырысы – аталған циклдарды түйіндеу шарасы. Іс-шараларға Мәскеу, Саратов, Самара, Ижевск, Омбы, Орынбор, Екатеринбург, Новосібір, Астрахан, Томск, Кемерово, Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавловск, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Ташкент қалаларының қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты, – деді А.Трапезникова.
Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының Қазақстандағы негізгі серіктесі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Альянсының директоры Бану Нұрғазиева ресейлік әріптестерімен жүргізілген жұмыстар жөніндегі әсерімен бөлісті:
Ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттік жетекшісінің кеңесшісі Михайл Мишин Агенттік пен Қазақстан халқы ассамблеясы қарым қатынасын үйлестіретін меморандум туралы еске салып өтіп, Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарымен ұлтаралық келісімді нығайту саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін мәлімдеді.
«Орал-Евразия» сарапшылар клубының атқарушы директоры Константин Погорельский жыл бойы атқарылған тәжірибесін бөлісіп, оның қорытындысымен ресейлік-қазақстандық «Целина-2020» конвентін Президенттік гранттар қоры қолдағанын жеткізді.
– Екі жыл бұрын Қазақстан – Ресей шекара аймағындағы қоғамдық ұйымдар арасында байланыс орнату бойынша жұмыс бастадық. Мұндағы басты міндеттердің бірі ең алдымен Ресейдің шекаралас ұйымдарын біріктіру болды. Біз бұл тапсырманы Ресей бөлігінде Астраханнан Новосибирскке дейінгі ұйымдар қатысқан, яғни Қазақстанмен ортақ шекара сызығы түгел қамтылған конвент барысында орындадық. Сондан кейн, осы ұйымдардың нақты жобаларымен бұрынғы серіктестерімізге, Қостанайдағы Динара Өтебаева жетекшілік ететін «ГрИн» Азаматтық Альянсына бардық. Бұл ретте Азаматтық Альянстың президенті Бану Ғаниқызына алғысым шексіз. Оның бастамасымен біздің шекара ұйымдарының форумының географиялық ауқымы кеңейіп, бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл біздің барлық қызметімізге мүлде жаңа серпін берді. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Лима Диастың басшылығымен ҮЕҰ академиясын құрудағы оң тәжірибесін айрықша атап өткім келеді. Сол арқылы қоғамдық ұйымдар ресурстық және әкімшілік қолдау алады. Қостанайда өткен конвентте біздің елдеріміздің шекаралық ҮЕҰ-дары үшін осындай академия құру туралы ұсыныс жасалды. Бұл мемлекетаралық жобаны жүзеге асыруда Азаматтық бастамалады қолдау орталығының тәжірибесі өте маңызды, – деп өз пікірін білдірді К.Погорельский.
ҚР Азаматтық Альянсының директоры Әлібек Тәжібаев алдағы форумның мазмұны бойынша нақты ұсыныстар жасады:
– Форум Қазақстан жерінде өтеді және біз оған дайындық уақытын тиімді пайдаланғымыз келеді. Сәуір айында біз Ресей мен Қазақстанның коммерциялық емес секторының өзара іс-қимылын қорытындыладық, әртүрлі саладағы тәжірибелерімізді бөлісіп, фандрайзинг бойынша шеберлік сыныптарын өткіздік. Қыркүйек айында біз ҮЕҰ мемлекетаралық өзара іс-қимылын айтарлықтай ілгерілетуге мүмкіндік беретін іргелі бағыттарды осы негізде әзірлеуіміз керек. Мен баса назар аударуды қажет ететін үш негізгі бағытты көріп отырмын. Бірінші бағыт – коммерциялық емес ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуі. Бұл қоғам белсенділерін бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп көрінуге, танымалдығын арттыруға үйретеді. Екінші бағыт – ҮЕҰ мен қаржыландыруды қамтамасыз ететін құрылымдардың өзара әрекеті. Ең дұрысы, бұл Қазақстан мен Ресейдегі әртүрлі гранттық операторлар өкілдерінің бір-бірімен мемлекетаралық өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылауы үшін, екінші жағынан, қоғам белсенділері операторлар жұмысы туралы кеңінен хабардар болуы үшін өткізілетін кездесу болуы керек. Үшінші іргелі бағыт – ҮЕҰ мен еріктілер ұйымдарының өзара іс-қимылы. Сондай-ақ, форумда спикерлер құрамы жаңарғанын, жаңа тұлғалардың пайда болғанын қалаймын, – деді Ә.Тәжібаев.
Сарапшылар кеңесінің жұмысына Ресей мен Қазақстанның ірі қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері: Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева (Нұр-Сұлтан, ҚР); Ұлттар ісі жөніндегі федералды агенттік басшысының кеңесшісі Михаил Мишин; Ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің ұлттық біртектілікті нығайту және этникалық экстремизмнің алдын алу дирекциясының бастығы Тимур Цыбиков (Мәскеу, РФ); Ресей Федерациясы Қоғамдық палатасының этносаралық және дінаралық қатынастарды үйлестіру жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, Ресей мұсылмандары жиналысының жетекшісі, Ресей мұсылмандары жиналысының мүфтиі Альбир Крганов; Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы Лима Диас (Нұр-Сұлтан, ҚР); «Север-Юг» Саясаттану орталығының атқарушы директоры Анжелика Трапезникова (Мәскеу, РФ); «Орал-Евразия» сарапшылар клубының атқарушы директоры Константин Погорельский (Екатеринбург, РФ); Қазақстан Азаматтық Альянсының директоры Әлібек Тәжібаев (Нұр-Сұлтан, ҚР); Қостанай облысы «ГрИн» Азаматтық Альянсының төрайымы Динара Өтебаева (Қостанай, ҚР) және басқалар қатысты.
Сарапшылар кеңесін «Север-Юг» Саясаттану орталығы (Мәскеу, Ресей), Қазақстанның Азаматтық Альянсы (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы және Этникалық мәселелер жөніндегі федералды агенттік қолдауымен ұйымдастырды.