№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мониторингтік топ бақылауды күшейтті

Мониторингтік топ бақылауды күшейтті

Сыр өңірі «қызыл аймаққа» енді, енді шектеу шаралары күшейтілетін болады. Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы №12 қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі делінген. Оған дейін де карантиндік шаралар күшейтіліп, мониторингтік топ тарапынан күні-түні бақылау жасалды. Қаулыға бағынбай, тәртіп бұзғандар айыппұл арқалады. Мониторингтік топтың жұмысын көріп, қадағалау күшейгенін аңғардық, бірақ көз жұма қарайтындар саны әлі азаймай тұр. Сол үшін тәртіп бұзғандар нені білу керек, олар қалай жазаланады, соны саралап көрдік.Жалпы 2021 жылдың басынан бері, республика көлемінде мониторингтік топтар тарапынан 65 мың рейд жүргізілді, 400 мыңнан аса объекті қамтылып, оның аясында 12 мың заң бұзушылық анықталған. Бұл жөнінде коронавирустың таралуына жол бер­меу жөніндегі ведомствоаралық ко­мис­сияның баспасөз қызметінде мәлім етілді. Барлық өңір бойынша аза­маттардың қоғамдық орындарда жаппай жиналуымен байланысты 5 мыңға жуық «өрескел» заң бұзушылық анықталса, бұл тізімде біздің облыс та бар.
Анықталған деректер негізінде бү­гінгі күнге дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен жалпы сомасы 13 753 655 теңге айыппұл салынды. Бұл бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерге қатысты – 16, лауазымдық тұлғаға – 5, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға – 98 хаттама толтырылған. Қалғаны нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты болып отыр», – деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде, Жаңақорған ауданында да осындай заңсыз әрекеттер кездесіп, тәртіптік шара көрілуде. Әсіресе, түнгі мезгілде келеңсіздік көп кездеседі. Мониторингтік топ мүшелері жыл басы­нан бері рейд жүргізіп келеді.
– Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ күнделікті бақы­лау жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Шыны керек, бізде той-жиын тоқтар емес. Сана мәдениетін түзеп, даңғаза тойды тыя тұрсақ болады ғой. Мони­торингтік топ бақылауды қатаң бақы­лауда ұстағанымен, тығылып жиын өткізетіндер көбеймесе азайған емес. Сондықтан, осы бағытта жұмыс жасай беретін боламыз, – деді топ мүшесі Әбілғазы Төлегенов.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР-ның 2020 жылғы 7-шілдедегі Кодексінің 104-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында аймақтың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шыққан болатын. Қаулыға байланысты мониторингтік топ жұмыс істеп келеді. Топтың негізгі міндеті – ескерту беріп, түсірілген видео-ақпараттар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқар­масына жолданады. Басқарма айыппұл салады. Жыл басынан бері 21 дерек тіркелген. Бұл туралы басқарма бас­шысының міндетін атқарушы Шынар Айдарова мәлім етті.
– 425-баптың 1-бөлігімен жеке тұлғаларға 30 айлық-есептік көрсеткіш айыппұл салынса, лауазымды жеке кәсіп иелері 230 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. 1 АЕК – 2917 теңге, егер кінәлі тұлға айыппұлын 7 күн ішінде төлесе 50 процент жеңілдігі болады. Шыны керек, қазір ахуал қиындай түсті, бірақ бізде талаптарды сақтау тұрғысынан әлі кенжелеп келеміз. Әсіресе, дүкендер мен кафелер, ойынханалар тазалық сақтамайтыны белгілі. Жеке тұлғалар маска тағып жүруді әдетке айналдырса, ең бастысы, тәртіпке бағынса болғаны, – деді ауданның бас санитар дәрігері.
Әлеуметтік желіден де ауылдық округтердің белсенділігін көріп отыр­мыз, учаскелік полицей мен әкімдік қызметкерлері түсіндірме жұмыс жүр­гізуде. Бірақ кейбір елді мекендер ескерусіз кейіпте жүр. Көбіне той-томалақ тоқтамай тұрғаны мәлім, бірақ ағайын-туыстық деген ұғымнан бір сәтке алыстап, айыппұл салу басталды. Ескертілгеннен кейін де жұмысын тоқ­тат­пағандар жазасыз қалмауда, бірақ қарсылық білдіріп жатқандар көп дейді жауапты мамандар.
Қарап отырсақ, жай ғана маска тақпай дүкенге кірсеңіз, 87 510 теңге айыппұл төлеуге міндеттелесіз, екін­шіден, дүкен иесіне де кесіріңіз тиіп кетеді. Иә, қазақтың тойсыз күні жоқ, бірақ ахуал тұрақталғанша тәртіпті сақтай тұрсақ. Бірақ, бар кінәні халыққа артып қоюға да болмайды, өйткені, осыған дейін де бай-бағландар да, беделді тұлғалар да думандатқанын естідік, көрдік те. Сондықтан бұл қара бұқараға емес, барша жанға ортақ тәртіп болуы тиіс. Ең бастысы, мониторинг топтың жұмысының мақсат-міндетін жеткіздік. Енді тек тәртіп бұзбауға тырыссақ болғаны.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
24 сәуір 2021 ж. 306 0