№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық кәсіпкерлер мониторингтік топ мүшесі болуға ниетті

Қызылордалық кәсіпкерлер мониторингтік топ мүшесі болуға ниетті

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында қоғамдық тамақтану саласындағы бизнес өкілдерінің облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарымен кездесуінде айтылды.
Кездесуді ұйымдастыру бастамасы департамент тарапынан көтеріліп, кәсіпкерлер арасында оң қолдауға ие болды.
Кездесуде Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Жалпы облыста 149 қоғамдық тамақтану объектісі бар. Бүгінгі таңда пандемия салдарынан ең көп зардап шеккен банкет залдарының (тойхананың) қызметі болып отыр. Бұл саладағы кәсіпкерлер шамамен 2000 жұмыс орнын қамтамасыз етіп отырған болатын. Бүгінде тойхана иелері арасында бағытын өзгертіп, өзге кәсіп түріне ауыстырып жатқан азаматтар да кездеседі. Мұнан өзге, кафе, білім беру орындарындағы асханалар, отбасылық кешендер сияқты басқа да қоғамдық тамақтану нысандары үшін де шектеу шаралары қиындық тудыруда. Білім беру орындарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 9 ақпаннан бастап 30% - дан аспайтын мөлшерде жұмыс жасауға рұқсат етілді. Бүгінгі шарадағы уәкілетті орган тарапынан жүргізіліп отырған түсіндірме жұмыстары жақсы әдістемелік қолдау болады деген сенімдеміз», - деп атап өтті.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Алмаш Шуахбаева мектеп жанындағы асханаларда қызмет көрсететін кәсіпкерлерге асхананың жұмысына, персоналына, жұмыс процесіне қойылатын талаптармен таныстырып өтті.
Ал департаменттің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Жанат Бекмұратова жыл басталғалы облыс бойынша карантин талаптарын бұзған 64 кемшілік анықталғандығын, оның ішінде 26-сы қоғамдық тамақтану саласына қатысты екендігін жеткізді. Сондай-ақ, алгоритмге сәйкес мониторингтік топ қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлерді төменде көрсетілген 5 талап бойынша ғана тексеретіндігін айтты:
         - нысанның карантин кезеңінде қаулымен көрсетілген жұмыс уақытын сақтауын;
         - тыйым салынған көпшілік шараларды өткізбеуін;
         - әлеуметтік ара-қашықтықтың сақталуын;
         - бетперде (маска) кию талабының сақталуын;
         - қоғамдық тамақтану орнына келушілерге арналған лимиттің сақталуын.
Өз кезегінде бизнес өкілдері тарапынан мониторингтік топ жұмысының ашықтығына көз жеткізу үшін осы саладағы кәсіпкерлерден аталмыш топқа өкілді мүше ретінде енгізуге өтініштерін білдірілгендігі және бұл өтінішті Кәсіпкерлер палатасы арқылы жергілікті атқарушы органға да  жолданғандығы айтылды.
Кәсіпкерлерден түскен сауалдардың басым бөлігі мониторингтік топтың жұмысына қатысты екендігіне тоқталған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департамтенті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева алдағы уақытта өзі жетекшілік ететін мекемемен облыс бойынша барлық мониторингтік топпен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлер карантин талаптарына қатысты көптеген сауалдарын уәкілетті орган өкілдеріне қойып, дер кезінде нақты жауаптарын алды және осындай шараның ұйымдастырылғандығына ризашылығын жеткізді.   

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
 
05 наурыз 2021 ж. 429 0